Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Infonews.kz сайты elitar.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.
— «Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды», — деді соттың баспасөз қызметі өкілі.