infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ШАБУЫЛДАУШЫЛАРҒА ОҚ АТУ ПРЕЗИДЕНТ БҰЙРЫҒЫНАН БҰРЫН БАСТАЛДЫ – БАС ПРОКУРОР

5 января, 2023
in Әлеумет
0
ШАБУЫЛДАУШЫЛАРҒА ОҚ АТУ ПРЕЗИДЕНТ БҰЙРЫҒЫНАН БҰРЫН БАСТАЛДЫ – БАС ПРОКУРОР
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасында шабуылдаушыларға қандай жағдайда оқ атылғанын түсіндірді.
7 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терроршыларды ескертусіз атып өлтіруге бұйрық берді.
«Құрметті депутаттар! Шабуылдаушыларға оқ ату Президенттің әйгілі мәлімдемесінен бұрын басталды. Бұл заң нормалары арқылы реттелген. Осы тұста күштік құрылым қызметкерлері атыс қаруын бірінші рет Алматыдағы Президент Резиденциясын қорғау кезінде – 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында қолданғанына ерекше назар аударғым келеді. Одан соң полиция мен әкімдіктер ғимараттарына және басқа да объектілерге шабуыл жасалғанда, яғни тәртіпсіздіктер күш көрсету сатысына өткен кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару қолданған», — деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.
Кейін қалаларды қарулы содырлардан «тазалау» кезінде қару қолданылды.
«Демек, шабуылдаушыларға қарсы оқ ату Президенттің белгілі мәлімдемесінен едәуір бұрын болған. Бұл жағдай туралы барлық дискуссия қоғамдық пікірді әдейі басқа бағытқа бұруда. Іс жүзінде, қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес. Бұл туралы: құқық қорғау қызметі туралы; Ұлттық гвардия туралы; терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарда тікелей нормалар бар. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда шабуылды тойтару үшін атыс қаруын қолдануға мүмкіндік береді. Дәл сондай қатерлі жағдай 5 қаңтар күні болып, 8 қаңтарға дейін, яғни жағдай тұрақталғанға дейін жалғасты», — деді Берік Асылов.

Алдыңғы пост

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ – ЕЛ ІШІНЕ ІРІТКІ САЛҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕРДІҢ ӘРЕКЕТІ

Келесі жаңалық

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ - ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі