infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттегі жеңіл өнеркәсіптің дамуы бойынша республикадағы үлесі 20,7% құрайды

June 7, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкентте өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасайды. Оның ішінде 24 ірі және 49 орта кәсіпорын. Өнеркәсіп салсында 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.
Ал жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл басынан бері 9 566,7 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 134,1%-ке артқан. Қалада өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9%-ды қамтыса, республикадағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,7% – ды құрайды.
Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар ұсынады. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар осы бағытта қарқынды жұмыс жасауда.
Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару үшін 200 гектарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Аймақтың инвестициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын 44 жобадан тұрады. Олар 4318 жұмыс орнын құрып, жұмыспен қамтуда. Бүгінгі таңда 22 жоба іске асырылып, 32,6 млрд.теңге сомасына инвестициялар тартылып, 2282 жұмыс орны құрылған.
Айта кетейік «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындары іске қосқан сәттен бастап 82,1 млрд.теңгеге өнім өндіріп, өнімнің жартысынан көбі 45,1 млрд. теңгеге жақын және алыс 22 елге экспортталды.
Алдыңғы пост

Болашақ аналарға бағыт беріп жүрген білікті маман

Келесі жаңалық

«АЗАТ» тұрғын алабының инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі