infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттегі инвестициялық штабта жаңа жобалар ұсынылды

June 25, 2021
in Қоғам
0
Шымкенттегі инвестициялық штабта жаңа жобалар ұсынылды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен кезекті Инвестициялық штабтың отырысында 9 жаңа жоба ұсынылды. Жоба жетекшілері «ZOOM» платформасы арқылы қосылып, өзекті мәселелерін ортаға салды.
Мәселен, «Шымкент Темір» ЖШС-і өндірістік қуаты жылына 300 000 тонна болатын үздіксіз құйылған дайындама, ұсақ сұрыпты болат және созба сым өндіру зауытын салу және өндірістік қуаты жылына 360 000 тонна тікелей қалпына келтірілетін темір өндіру зауытын салу туралы жобасын ұсынды. Аталған жобаларға «Жұлдыз» индустриялды аймағынан 100 гектар жер бөлінген. Жоба іске қосылған сәтте 1500 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қажетті инфрақұрылымдық жүйелер қосылған кезде құрылыс жұмыстары басталады. Қала әкімі аталған жобаны өзінің жеке бақылауына алып, әр ай сайын арнайы кездесу ұйымдастыруды тапсырды.
Келесі таныстырылған жобалардың бірі – «Medcomfort» ЖШС. Ол медициналық жиһаз, медициналық жабдық және медициналық маскалар өндірумен айналысылады. Өндіріс иесі кәсіптің қуаттылығын арттыру мақсатында әкімдіктен жер сұрады. Шаһар басшысы жаңа индустриалды аймақтан орын беру жөнінде шешім қабылдады.
– Күзде «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инфрақұрылым мәселелері толық шешіледі. Сол кезде құрылысты бастай берсеңіз болады. Жерді рәсімдеуді сала басшыларына жүктеймін, – деді әкім.
Сонымен бірге, штаб отырысында модульді үйлер салу, жекеменшік мектеп салу, полиэтиленті қайта өңдеу, темір-бетон бұйымдарын өндіру, тұрғын-үй кешенін салуға ниеттілер өздерінің жобаларын таныстырды.
Жиынды қорытындылаған Мұрат Әйтенов әрбір жоба апта көлемінде тереңінен зерделеніп, екі тарапқа да ұтымды шешім шығарылу керектігін айтты.
Алдыңғы пост

Қала аумағында карантиннің сақталуын 20 мобильдік топ бақылауда

Келесі жаңалық

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі