infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ПРОБЛЕМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

July 22, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ПРОБЛЕМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастайды. Ал үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендейді. Бұл туралы бүгін өткен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі кеңестерінің бірлескен отырысында Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тәжиева баяндады.

Отырысқа «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә.Бектаева, қоғамдық кеңес төрайымдары К.С.Айдарбекова, Б.Қ.Исабек, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті басқарма басшылары, партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын а.ж. 6-айында орындалуы бойынша Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тәжиева және Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Д.М.Бақов баяндама жасады.

Шымкентте Сайлауалды бағдарламаның «Әлеуметтік саланы дамыту» бағытында білім саласында қуанышты жаңалық көп. Биылғы жылы 32 мектептің құрылысы басталып, 20 мектепті пайдалануға беру көзделуде. Оның ішінде бюджет есебінен 4 мектеп болса, 16-сы жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр.

Жалпы 2025 жылға дейін Шымкентте 68 500 орындық 72 мектеп бой көтереді. Мектептерді жабдықтауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Қала мектептеріндегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Сол себепті мектептер физика, химия, биология, робототехника, СТЕМ-ге арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады. Жабдықталу 32 пайыздан 60 пайызға өседі.

Кеңес мүшелері тарапынан мәдениет және туризм саласына қарасты мекемелердің жұмысы бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. Мәселен, кітапханалардың жұмысын жандандыру, жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жасау және іске асыру және көшпелі кітапхана жұмысын қайтадан ұйымдастыру бойынша ұсыныс берілді.

Мәжіліс қорытындысы айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде хаттама түзіліп, ол атқарушы органдарға орындау үшін жолданатын болды.

Алдыңғы пост

ҚОҒАМДАҒЫ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Келесі жаңалық

АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі