infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталуда

23 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталуда
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 45 мыңға жуық азамат баспанаға мұқтаж. Арендалық тұрғын үйлер ең алдымен көпбалалы отбасыларға мен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға беріледі. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мәлімдеді. Қала басшысының орынбасары БАҚ өкілдеріне жетекшілік ететін салаларында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Күрделі бес салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков алдымен әр басқарманың жұмысын шолып өтті. Оның айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында маңызды салалардың бірі — қаржы саласы. Биылғы жылдың түсімдер жоспары 451 млрд. 275,4 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде салықтық түсімдер, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер мен трансферттер.

Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген және мүмкіндікі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де — басты назарда. Бұл ретте, жыл басынан бері мүгедектер үшін әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар осынау тетік арқылы техникалық оңалту құралдарының 55 түрін және қызметтердің 3 түрін пайдалана алады. Бүгінде шаһарда 37 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Мүгедектігі бар адамдар жыл басынан бері қажетті 10 694 құралдармен қамтамасыз етілді.

Шаһар басшысының орынбасары биыл бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталып отырғанын атап өтті. Жыл басынан бері қалада 37 мыңға жуық отбасына 7,3 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Қосымша 1-6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылған.

Алдыңғы пост

Аутизммен ауыратын балаларды емдеуге арналған орталық тегін ем жүргізуде

Келесі жаңалық

Шымкент: Тұрмыстық заттар шығаратын зауыттың өнімдеріне сұраныс жоғары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі