infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген 83 пәтер жекешелендірілді

June 6, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру бойынша электронды түрде 108 азамат құжат тапсырған. Оның ішінде 83 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қазіргі таңда қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.
Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылы қолданысқа енгізілген.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасына» және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендіру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. Аталған қызметті алу үшін азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің (ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы болу тиіс.
2019 жылы 188 азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлері жеке меншіктеріне өткізілді. Ал 2020 жылы бұл қызметті алған азаматтар саны 102-ні құраған. Айта кетерлік жайт, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп пайдалануға тапсырылған арендалық тұрғын үйлер бағдарлама талаптарына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдау шарты негізінде берілген. Сондықтан аталған бағдарлама аясында азаматтарға жалға берілген пәтерлер жеке меншікке берілмейтіндігін назарларыңызға саламыз.
Алдыңғы пост

Шымкентте 600 шақырымға жуық жерге кәріз құбыры тартылуда

Келесі жаңалық

Шымкент: Мыңға жуық азамат шипажайда тегін ем қабылдады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі