infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте жыл соңына дейін 20 мектеп пайдалануға беріледі

June 26, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте жыл соңына дейін 20 мектеп пайдалануға беріледі
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкентте жыл соңына дейін 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға берілгелі отыр. Олардың ішінде 4-уі – мемлекеттік, қалған 16-сы – жекеменшік мектептер. Осыған сәйкес, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бастаған салаға жауаптылар құрылыс алаңдарын аралап, білім нысандарының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Ең алдымен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан No120 жалпы орта мектепке барып, 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысын көрді.
Айта кетейік, мұнда бүгінде құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған, шілде айынан бастап абаттандыру жұмыстары атқарыла бастайды. Білім ғимаратын дер кезінде қолданысқа беруді ескерткен Шыңғыс Жұмабекұлы құрылысшыларға еңбек қауіпсіздігін сақтауға да ерекше мән беруді тапсырды.
Сайрам тұрғын үй алабы аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,5 га алып жатқан 120 орындық білім нысанының қосымша құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Құрылысты аралап көрген қала басшысының бірінші орынбасары ең алдымен материалдардың төзімділігі мен сапасына ден қоюды жүктеді. Сондай-ақ мердігерлерге ғимаратты әрлеу жұмыстары кезінде дизайнер мамандарымен де байланысып, жұмыс жүргізуді тапсырды.
Салаға жауаптылар Сайрам шағынауданындағы 300 орындық мектептің құрылысын да көзбен көрді. Құрылысшыларға өндірістік кестеден кешікпей, білім ғимаратын 1-тамызға дейін тапсыру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, Сайрам тұрғын алабындағы «Яссауи» жекеменшік мектебінің ғимаратын да аралады. Бұл аумақтағы мемлекеттік екі білім ошағында да бала саны шамадан артып кеткен. Үш ауысымды оқыту қаупін алдын алу үшін заманауи талапқа сай бой көтерген осынау 475 орындық жекеменшік мектепті жаңа оқу жылына іске қосу жоспары тұр.
-Бүгінде біздің алдымызда екі бірдей міндет тұр. Бірі – білім сапасын көтеру болса, екіншісі – мұғалімдердің біліктігін арттыру. Бұл ретте инфрақұрылымның да маңызы айрықша. Қала әкімі М.Әйтенов бекіткен жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін қалада72 мектеп бой көтереді. Биылдың өзінде 32 мектеп құрылысы жүргізіліп, жыл соңында 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға берілгелі отыр», – деді Ш. Мұқан.
Жалпы, Шымкент қаласында жылдан-жылға халықтың демографиялық өсімі байқалуда. Сәйкесінше білім нысандарына деген сұраныс артып келеді. Осы ретте, еліміздегі жеке инвесторлардың есебінен салынып жатқан мектептер саны бойынша бүгінде Шымкент көш бастап тұр.
-Қазіргі таңда, қаламызда үш ауысымда 14 мектеп бар және 21 мектептің бала толымдылығы шамадан артып, үш ауысымдық оқуға ауысу қаупі туындап отыр. Биылғы ел игілігіне берілетін мектеп құрылыстарының нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаяды. Жалпы үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу 2023 жылға жоспарлануда», – деді басқарма басшысы Жанат Тәжиева.
Алдыңғы пост

Үш жыл ішінде қалаға 1 трлн теңгеде астам инвестиция тартылды

Келесі жаңалық

«Ашық» жобасына қатысу үшін 1148 өтінім берілді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі