Шымкентте кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

0
69

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында 24-25 маусым аралығында «Шымкент өнімдері» атты көрме өтеді.
Көрменің мақсаты — қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетін жоғарылату және ішкі нарықтағы тұтынушыларға жергілікті өндірістерде шығарылатын тауарларды таныстыру.

Көрмеде кілем өнімдері, мақта маталар, дайын тігін және шұлық бұйымдары, аяқ киімдері, жиһаз, химиялық заттар, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері және т.б. тауарлар көрсетіледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2 индустриялық («Оңтүстік», «Тассай»), көлік-логистикалық және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске асырылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Ал «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылды. Ондағы жұмыс орындары — 1 мыңға жуық.

Сонымен қатар, көлік логистикалық аймағында бүгінде 15,9 млрд. теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған. Ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 42,95 млрд. теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,2 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Leave a reply