infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді

June 14, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «SHANYRAQ» орталығында көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді. Жиынға қалалық Тұрғын үй басқармасы, Білім басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.

Мамандар көпбалалы аналардың сұрақтары мен өтініштері бойынша кеңестер беріп, заң аясында шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік портал және атаулы әлеуметтік көмекке байланысты онлайн құжат тапсырудың тиімділігі мен атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндірме жүргізді.

Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек – табысы төмен азаматтарға төленетін мемлекеттік қаржылай қолдау. Өтінішке құжат тапсырғаннан кейін арнайы құрылған комиссия өтініш тапсырушының тұрмыстық жағдайын тексеріп шешім қабылдайды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасылық табысы жан басына шаққандағы кедейлік шегі 22 535 теңгеден төмен болған жағдайда тағайындалады. Ал, жұмыссыз жүрген азаматтарға қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Жұмыспен қамтудың» белсенді шараларына қатысу ұсынылуда.

Айта кетейік басқарма тарапынан халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған кездесулер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Алдыңғы пост

Шымкентте тоқыма өнеркәсібі дамиды

Келесі жаңалық

Шымкент: "Кедергісіз келешек" бағдарламасы аясында 250-ден астам нысан сәйкестендіріледі

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі