infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте Назарбаев университетінің тәжірибесімен озық ЖОО ашылады

June 9, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде елімізде 2 озық жоғары оқу орны құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша инновациялар мен серпінді технологияларды дамыту, озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыру үшін өсу орталықтары болатын 2 озық жоғары оқу орны құрылады. Петропавл мен Шымкент қалаларында осы жұмыс басталып кетті», – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 20 жоғары оқу орнының базасында «академиялық артықшылық» орталықтары құрылады.
«Бұл жұмыс басталды. Бұл мақсатта бюджеттен қомақты қаржы бөлу көзделген. Критерийлер бойынша 15 мықты өңірлік жоғары оқу орны және 5 мықты педагогикалық жоғары оқу орны іріктеліп, лабораториялары жаңартылып, жаңа деңгейге көтеріледі», – деді министр.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, білім сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызға жеткізіледі, 3 ауысымды оқыту жойылады және 800 мектеп салынады.
«PISA халықаралық зерттеуінде оқушылардың нәтижелерін 40 балға жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. 15 университет дүниежүзілік рейтингтерде орын алады. NEET санатындағы жастар үлесі төмендетіледі. 5000 мектепті жаңғырту жоспарда бар. Педагогтермен қамту мәселесін толық шешеміз. 20 заманауи, үздік университет қалыптастыру көзделді. Барлық тапсырма қатаң бақылауда болады», – деді ол.

Алдыңғы пост

Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде

Келесі жаңалық

Жолайрық құрылысын жалғастыру үшін табиғи газ уақытша сөндіріледі

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі