infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

July 22, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пай¬да болу себептеріне көбірек назар ау¬дарылып, алдын алу жұмыстары жүргі¬зілуде. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын» дей келіп келелі тапсырмалар берген болатын.
Осы тапсырмалар негізінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Г.Дулатова және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Маңызды шарада қатысушылардың назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылықтарға, аталған саладағы жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне аударылды.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталғандығы айтылып, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралы ретінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу маңыздылығы жеткізілді.
Парасаттылық – адам бойындағы ізгі қасиет екенін алға тартқан ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, ұжымдағы адалдық, әділдікке көп көңіл бөлуге шақырды.
Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесулер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының қызметкерлерімен де өтті.

Алдыңғы пост

ҚАУІПСІЗ ҚАЛА: «ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ІС-ШАРАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі