infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ӘЛДЕҚАЙДА ЖАҚСАРАДЫ

13 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ӘЛДЕҚАЙДА ЖАҚСАРАДЫ
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алдағы жылдары Шымкент қаласындағы экологиялық ахуал жақсара түсетін болады. Бұл бағытта мегополисте атқарылып жатқан жұмыс көп. Соның бірін бүгін ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман аралап көрді. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына еніп, Қаратау ауданының Мирас шағын ауданында салынып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы бүгінгі күні 30 пайызға жақын орындалды.

Жалпы бұл жобаға 1 миллиард 401 миллионнан аса теңге қарастырылған. Сонда Мирас пен Шапағат-2 шағынауданындағы 1 860 үйде тұратын 12 мыңдай тұрғынға мегополисте тұратындай жағдай жасалады деген сөз. Осы уақытқа дейін мұнда кәріз жүйесі тіптен болмаған. Тұрғындар шайынды суын септикке жинап, арнайы көлікпен, асенизатормен, сыртқа шығаратын. Көбінің әжетханасы сыртта. Мұндағы мектеп пен бала бақша секілді мекемелерлердегі жағдай да шамамен осындай. Келесі жылдан бастап жағдай жақсы жағына қарай өзгереді.

Мәжіліс депутаты «Ынтымақ бес -арыс» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс барысымен танысты. Жылдың жер құры болатын кезін мейлінше тиімді пайдаланып, жұмыс істеп жатқан мердігер компания тұрғындармен тіл табысып, солар үшін ыңғайлы жағдайды ойластыра отырып істі ұйымдастырыпты. Нысан келесі жылға өтпелі. Биылға бөлінген сома — 418 миллион теңге.

Мирас шағынауданындағы кәріз жүйесі пайдалануға берілсе – біріншіден тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалады. Екіншіден, экологиялық ахуал әлдеқайда жақсарады.

Алдыңғы пост

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 12 062 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУҒА МҰҚТАЖ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 51 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕ МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі