infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 147 азаматқа жалдамалы баспананың пәтер кілті табыс етілді

June 7, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласында мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, тұрғын үй кезегі келген 147 азаматты жалдамалы баспанамен қамтылу туралы шешім шыққан болатын. Бүгінде 147 азаматқа қатысты ішкі құжаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пәтер кілті табысталды. Оның ішінде, 42 пәтер – көпбалалы отбасыларға, 97 пәтер – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 8 пәтер – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға қолданысқа берілді. Аталған көпқабатты тұрғын үйлер Тұран, Тұрлан, Асар 2 шағынаудандарынан бөлінген.
Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Құралай Тоқмұрзаева да бар. Ол 2014 жылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезекке тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі егов электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 7 жылға жуық уақыт бойы тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткендігін жеткізді. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ.
Тұрғындарға кілт табыстау шарасында каратиндік режимдердің барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. Алдымен азаматтар кезек ретімен Тұрғын үй басқармасына келу арқылы келісім шарт құжаттамасына қол қою жұмыстарын жүргізді. Ал пәтер кілттері қолданысқа берілетін тұрғын үйлердің бақылаушылары арқылы тұрғындарға жеткізілді.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда. Ал 2020 жылы тұрғын үй кезегіндегі 392 азамат арендалық баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар бар. Бұдан бөлек 300 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілген.

Алдыңғы пост

Шымкентте 131 оқушы «Елбасы медалі» иегері атанған

Келесі жаңалық

Шымкентте қала әкімінің орынбасары қосалқы станциялардағы құрылыс барысын пысықтады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі