infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 91 МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ МЕН 424 ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК ТІРКЕЛДІ

July 21, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ 91 МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ МЕН 424 ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК ТІРКЕЛДІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум нысандарының басқару жүйесін таңдау және тұтынушылардың газ жабдығын қауіпсіз пайдалануы мен үй ішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету келісім шартын жасау мәселелері жөнінде жиын өтті. Жиынға аудан әкімдері мен сала жұмысына қатысты басқарма басшылары қатысты.
Мемлекет басшысы өткен жылы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырған болатын. Осының негізінде қалада 91 мүлік иелерінің бірлестігі, 424 жай серіктестік тіркелді.
Сондай-ақ, жиында газ мәселесі де қаралды. Қала бойынша орталық газ жүйесіне қосылған — 192 780 абонент бар. Оның ішінде: көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 85 243 абонент болса, жеке сектор бойынша 100 362 абонент. Ал өндірістік кәсіпорындар және әлеуметтік нысандар бойынша 363 абонент, тұрмыстық шаруашылық мекемелер бойынша 6 812 абонент.
Осы ретте қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Г. Утенбаев өткен 2020-2021 жж. жылыту маусымында авариялық-диспечерлік қызмет бөлімнің ұсынған мәліметіне сәйкес, улы газбен улануы күмәнімен, қала аумағында тұрғындар арасында өте көп фактілер орын алғанын атап өтті. Аталған оқиғалардың басты себебі тұрғындардың техникалық талаптарды сақтамауы дейді ол.
«Қала орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғындармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 186 мың газ пайдаланушылардан 73 мың ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен қауіпсіздік шаралары үшін келісім шарт жасалды»,-деді басқарма басшысы.
Жылыту маусымына дейін тұтынушылардың техникалық қызмет көрсету келісім шартымен қамтылуын 75 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Алдыңғы пост

200-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ИЕСІ ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАСЫН ТЕГІН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРДІ

Келесі жаңалық

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БОЙЫНША МЫҢНАН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі