infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «MEYIRIM.KZ» порталында тіркелген 3500-ден аса отбасыға көмек көрсетілді

June 22, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте «MEYIRIM.KZ» порталында тіркелген 3500-ден аса отбасыға көмек көрсетілді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» талқыланды.
Бекітілген жол картасына сәйкес Шымкент қаласында волонтерлікті қолдау мақсатында өткен жылы Жастар ресурстық орталығынан «Волонтерлармен жұмыс жүргізу» бөлімі және арнайы коворкинг орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.
Сонымен бірге, аталған орталықтың ұйымдастыруымен «MEYIRIM.KZ» электронды қайырымдылық порталы іске қосылды. Портал қайырымдылықтың автоматтандырылған есеп жүйесін жүзеге асыруда. Оған жыл басынан бері 3690 мұқтаж отбасы тіркеліп, оның 3564-не көмек көрсетілді. Бүгінде порталда 31 қайырымдылық қоры, 19 заңды тұлға, 4 әлеуметтік дүкен және 73 волонтер ресми тіркеліп, қызмет көрсетіп жатыр. «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылып, онда 3000-ға жуық волонтерлар тізімі жасақталды.
Сондай-ақ, волонтерлік ұйымдармен бірлесе отырып қаламызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 қайырымды іс» жалпыұлттық марафоны басталды. Марафон аясында Риддер қаласында өрттен зардап шеккен 35 отбасыға тұрмысқа қажетті заттар жөнелтілді. Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға 4000-ға жуық азық-түлік себеттерін үлестірді.
Жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға «Харекет» қайырымдылық қоры 15 отбасыға, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры 11 отбасыға баспана кілттерін табыстады. Жыл соңына дейін «Харекет» қайырымдылық қоры «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 баспана» акциясы қолға алынбақ.
«Birgemiz:Saulyq» бағыты бойынша «Ардагерлерді ардақтайық», «Мен донормын!», «Дені саудың, жаны сау!» акциялары аясында 80 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Жарқын Болашақ», «Білімдінің күні жарық», «Blitth», акциялары аясында 50-ге жуық әртүрлі сала мамандарымен бірге оңалту орталықтарындағы аналарға 2 айға жуық білім беру, мастер-класстар, тренинг жұмыстары ұйымдастырылды.
«Birgemiz: Тaza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының волонтерлары «Эко Сана», «Таза қала тұрғындары» сенбілік акциялары аясында 60-қа жуық ардагерлер үйінде көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» акциясын оңалту орталықтарындағы және бейімдеу орталықтарындағы балаларға арнап 70-ке жуық акция ұйымдастырылды.
«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында қаламыздың мұражайларында қаладағы ерікті жастармен тарихи-мәдени мұраларды сақтау бойынша 15-ке жуық іс-шаралар өткен.
Алдыңғы пост

Шымкент: алғыс арқалаған - әлеуметтік қызметкер

Келесі жаңалық

Шымкент: «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

August 2022
M T W T F S S
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Jul    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі