infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттік дәрігерді шет елден науқастар іздеп келеді

10 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкенттік дәрігерді шет елден науқастар іздеп келеді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ тәсілмен емдейді. Осындай алтын қолды дәрігерлердің бірі – Давран Арыбжанов.
Давран Арыбжанов 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Давран Тұрсынқұлұлы қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға ем-дом жасап, олардың өмірін ұзарту үшін Ресей, Аустрия, Германия елдерінде оқудан өтіп, біліктілігін арттырған. Білікті маман заманауи әдістің көмегімен 12 жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеп, оң нәтижелерге қол жеткізуде.

– Біз Қазақстанда алғаш болып тамырішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісін енгіздік. Бұл тәсіл арқылы қатерлі ісіктің тамырына химиялық заттар 100 пайыз жіберіледі. Нәтижесінде қатерлі ісікті емдеу 20-30 пайыз жақсарады. Бұл ауыр халдегі обыр ауруына шалдыққан науқастардың өмірін ұзартады. Тамыр ішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісі бойынша ем алу үшін Шымкенттегі онкологиялық орталыққа еліміздің өзге де облыстарынан науқастар келеді. Тіпті шекара асып, ем іздеп келетін азаматтар да бар. Мұндай ота түрі ми, мойын, бауыр, ұйқы безі, жатыр мойны, бүйрек, бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жасалады, – дейді қалалық онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлы онкология бөлімінің меңгерушісі Давранбек Арыбжанов.

Бүгінге дейін Давран Арыбжановтың жетекшілігімен бес мыңнан аса науқасқа осындай операция түрі жасалған. Бүгінде қалалық онкологиялық орталықтағы білікті маманға сұраныс артып келеді. Еліміздің өзге өңірлерінен бөлек, тіпті, Астрахань, Мәскеу қалалары мен Өзбекстаннан науқастар келіп, ем алуда.

Алдыңғы пост

Хирургиялық отаның барлық түрін жетік меңгерген маман

Келесі жаңалық

Шымкент көшелерін жарықтандыру жобасы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі