infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттік дәрігер 40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған

June 8, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Жол апаты, жүкті әйелді көлікте босандыру мен түрлі оқыс жағдайлар. Біз үшін мұндай жағдайлар таңғаларлық болса, фельдшер мамандары үшін күнделікті қызмет. Сондықтан да бұл жұмысты тек сол істің нағыз мамандары, адам өмірін сақтауды – борышы деп санайтын абзал жандар ғана атқара алады. Солардың бірі- Мейрамбек Арғынбаев.
М.Арғынбаев – қалалық жедел жәрлем станциясындағы №1 қосалқы станцияның қарқынды терапия бригадасының дәрігері болып жұмыс істейді.
Білікті маман 11 жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келеді. Көбіне ауыр жағдайдағы науқастарға көмек көрсететін маман реанимациялық көмек көрсетуде үздік екенін дәлелдей білген. Осы күнге дейін фельдшер клиникалық өлім жағдайындағы 40-қа жуық азаматқа сәтті реанимациялық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалған.
Дәрігер өзінің мамандығын мақтан ететінін айтып, халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етемін дейді.
–Осыдан бір ай бұрын кезекшілік кезде қаладағы «Теріскей» шағын ауданынан шақырту түсті. Біз барған кезлде ес түссіз халде керуетте жатқан ер кісіге бірінші медициналық көмек көрсеттік. Науқасты тексеріп жатқанда кенеттен жүрегі тоқтап қалды. Уақыт жоғалтпай дереу көмекшіміз екеуміз реанимациялық іс шараларды жасап, 4 минут ішінде науқасты клиникалық өлім жағдайынан шығардық. Кейін науқасты жүрек орталығына жедел жәрдеммен жеткіздік. Науқастың денсаулық жағдайы жақсарып, отбасына аман-есен оралды» -дейді дәрігер.
Жас дәрігер біліктілігінің арқасында көптеген науқастардың алғысын алған. Ол «жедел медициналық көмек», «реаниматология және анестезиология» бағдарламалары бойынша біліктіліктін арттырған.

Алдыңғы пост

Алтын қолды абзал жан

Келесі жаңалық

Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі