infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді

June 17, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтеді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай 2021 жылы 19-26 маусым аралығында БАҚ өкілдері арасында Спартакиада өтеді.

Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Қатысушылар шағын футболдан, волейболдан, арқан тартудан, шахматтан, боулингтен, бильярд және үстел теннисінен сайысқа түседі.

Спартакиадаға қатысуға өтінім беру төменде көрсетілген ереже бойынша жүзеге асырылады.

1. Мақсаты мен міндеттері
Спорттық жарыс Шымкент қаласында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелерінің қызметкерлері арасында мынадай мақсатпен өткізіледі:
– Қазақстан Республикасы Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жолдауын іске асыру;
– Халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау;
– Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында насихаттау.

2. Жарысты өткізу қағидасы
Спорттық жарысқа Шымкент қаласында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелерінен құрылған бір команда немесе бірнеше БАҚ өкілдерінен құрылған команда қатысуына болады.
Осы ереженің бұзылғаны немесе командаға сырттан адам алынғаны туралы жарысқа қатысушылар арызданған жағдайда арнайы құрылған ақылдастар алқасының шешімімен ойыншы ойыннан шығарылады немесе команда аластатылады.
Командалар жарысқа өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес қатысады. Спартакиадаға қатысатын командаларда бірыңғай спорт формасы болу керек. Спартакиадаға қатысатын ойыншыға дәрігерлік тексерістен өту міндеттеледі.

3. Өтініш беру тәртібі мен мерзімі
Мандат комиссиясының отырысына келесі құжаттар тапсырылады:
– Кадрлық қызмет куәландырған, дәрігердің рұқсаты берілген әр спорт түрі бойынша бөлек делегацияның толық құрамына сандық және атаулы өтініштің түпнұсқасы (№ 1 мен № 2 қосымша). Мандат комиссиясы жарыстан бір күн бұрын өтеді. Мандат комиссиясына өтініш түпнұсқаларын тапсырмаған команда жарысқа жіберілмейді.

4. Қорытындыны шығару шарттары
Спорттық жарыстың қорытындысы төмендегідей:
1. Команда қатысушыларының арасындағы жалпыкомандалық орындар.
2. Әрбір спорт түрі бойынша жеке орындар.
Спорттық жарыс, жалпыкомандалық жүлделі орын барлық спорт түрлері бойынша жиналған жоғары ұпай санымен анықталады.
Жарыс шартына сай қатысушы не команда келмей, жарысқа қатыспаған жағдайда, командаға ұпай берілмейді. Ұпай саны тең болған жағдайда бірінші орын ұпай саны артық командаға беріледі.
Бағдарламаның әр спорт түрі бойынша берілген орындар үшін келесі командалық орындар беріледі.
Командалық ойын спорт түрлеріне (мини-футбол, волейбол, арқан тарту т.б) 1,5 коэфицент қосылады (Үлгі: 16х1.5=24 ұпай беріледі).

5. Жарыстардың мерзімі және орны
Спорттық жарыстар 2021 жылы 19-26 маусым аралығында Шымкент қаласындағы спорт кешендерінде өтеді. Әрбір спорт түрі бойынша оның уақыты мандаттық комисия отырысында белгіленеді.

1. Шағын футбол. Команданың құрамында 7 адам (5-алаңда, 2-қосалқы).
Жарысты өткізу жүйесі өтініш білдірген командалардың санына байланысты бас төрешілер алқасымен белгіленеді.
Кездесудің ұзақтығы – 20 минуттан 2 тайм (үзіліс 5 минут).
1-3 орын үшін ақтық ойындардың ұзақтығы 2 таймнан (20 минуттан және 10 минут үзіліс). Барлық ойындар мини-футболдың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі. Команда бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Түйіскен матчтар өткізілу барысында, тең нәтиже болған жағдайда (белгіленген уақыт біткен сәтте), қағидаларға сәйкес 6 метрлік соққылар соғылады.

2. Волейбол. Команданың құрамында 6 адам (4 ер адам, 2 әйел). Ойынның ұзақтығы – 3 партия (25 ұпайға дейінгі есеппен, партия арасындағы 2 минут бойынша үзіліс есебінде). Барлық ойындар волейболдың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі. Командалар бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Арқан тарту. Команданың құрамында 5 адам (3 ер адам, 2 әйел). Барлық ойындар арқан тартудың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.

4. Шахмат. Команда бір ер, бір әйел жарыс халықаралық ФИДЕ ережелеріне сәйкес өткізіледі.

5. Боулинг. Команданың құрамында 5 адам (3 ер адам, 2 әйел). Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Барлық ойындар боулингтің қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.

6. Бильярд. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Жарысқа әр мекемеден 1 немесе 2 адам қатыса алады. Барлық ойындар билярдтың қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.

7. Үстел теннисі. Жарысты өткізу шарттары төрешілер алқасының отырысында белгіленеді. Жарыс қыздар және ерлер арасында өтеді. Әр мекемеден 1 адамнан қатыса алады. Барлық ойындар үстел теннисінің қолданыстағы қағидалары бойынша өткізіледі.

 

Спорттық жарысқа қатысу туралы өтінімдерді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қағаз түрінде немесе Uvp.shymkent17@gmail.com электронды поштасына 2021 жылдың 18 маусым, сағат 19:00 дейін жеткізуге болады.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10. (613 кабинет)
Жауапты: Исаева М, байланыс телефондары 8-747-323-19-79, 8-705-323-19-79, 8-725-2-24-74-83;

Алдыңғы пост

Шымкент: 1701 шақырым көше бойы зерделеніп, 301 дана жол белгілері орнатылды

Келесі жаңалық

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап» атты әдеби сағат өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

August 2022
M T W T F S S
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Jul    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі