infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

16 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкент: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновке қаламызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру шаралары аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков есеп берді.

– Шымкент қаласы жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бойынша 106,2 пайызды, ал Республика бойынша 11 орынды құрап отыр.
Қаламызда 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарудамыз. Солардың бірі тұрақтандыру қоры арқылы ірі сауда желілеріне, жергілікті тауар өндірушілерге, кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген, — деді басқарма басшысы.

Оларға тоқтала өтсек:
Ірі сауда желілері:
* «Грамад» (800 млн.тг), 12 тауар түрі қамтылды;
*«Фиркан» (300 млн.тг), 11 тауар түрі қамтылды;
*«Magnum Cash&Carry» (1 млрд.тг), 19 тауар түрі қамтылды.
Жергілікті тауар өндірушілері:
*«TURAR» ЖШС (I сұрыпты ұн нан бағасын тұрақтандыру – 505 млн.тг);
*«Шымкент құс» ЖШС (I санатты жұмыртқа 200 млн.тг).
Кәсіпкерлік субъектілері:
*«Hermes» ЖШС (көкөніс өнімдері – 128 млн.тг);
*«Юпекс» ЖШС (құмшекер – 500 млн.тг);
*ЖК «Момбетчеев» (күнбағыс майы – 200 млн.тг);
*«Қасқасу-С» шаруа қожалығы (сиыр еті – 200 млн.тг).

Бұдан бөлек, алдағы уақытта қаладағы ірі шаруашылықтар «Бәйтерек Агро» ШҚ-на (200 млн. тг) «Керемет-Сапа» ШҚ-на (100 млн.тг) және ұн өндіруші кәсіпорынға (240 млн.тг) тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беруді жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісім шарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және I сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.

— Сонымен бірге, қаланың 4 ауданында қала халқы тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашуды көздеудеміз. Ал, қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарды қолдау мақсатында, сонымен бірге азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын 4 ауданда («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны) азық-түлік жәрмеңкелері өткізілуде, — деді А. Қаныбеков.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Алдыңғы пост

Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты бастау алды

Келесі жаңалық

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі