infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі жандар – ерекше назарда

June 15, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру ерекше маңызға ие екенін мәлім еткен болатын.

«Мемлекет инклюзивті білім беру саласына, кедергісіз орта қалыптастыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселелеріне көбірек назар аудара бастады. Бұл ретте мемлекет пен әкімдер жүйелірек жұмыс жүргізуі керек. Оларды мемлекеттік тұрғыда ынталандыру тетіктері қарастырылуы керек деп санаймын. 2022 жылы Қазақстан қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның факультативті хаттамасы ратификациялануы керек деп есептеймін», – деген еді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Бүгінде Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып жатыр. Мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған.

Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам азамат қызмет алуға өтініш тапсырған. Күніне 170-180 тапсырыс қабылданады. Өтініш беруші 1 күн бұрын диспетчерге (8 (7252) 57-70-06) хабарласып тапсырыс қалдыра алады. Инватакси қызметі тегін.

Бекітілген 18 автокөлік арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде: бірінші топ-3324, екінші топ-14 950, үшінші топ – 12 288. Ал 18 жасқа дейінгі 6484 мүгедек бала тіркелген.

Алдыңғы пост

Шымкентте «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті

Келесі жаңалық

Шымкент: Қауіпсіздік - басты назарда

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі