infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Полицейлердің қатары артып, жас түлектер ант қабылдады

June 20, 2021
in Қоғам
0
Шымкент:  Полицейлердің қатары артып,  жас түлектер ант қабылдады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимаратының жанында карантиндік режимге байланысты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, «23-маусым – Қазақстан Республикасының Полициясы күні» мерекесіне орай ант қабылдау рәсімі өтті.

Қазақстан полициясының мерекесімен тұспа-тұс келген іс-шарада ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығын тәмамдап келген 25 жас полицей ант қабылдады. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аталған министрлікке қарасты Алматы, Ақтөбе қалаларындағы жоғарғы оқу орындарын аяқтап келген жалпы саны 23 бітіруші түлекке диплом және полиция лейтенанты арнаулы атағы берілді. Салтанатты рәсімге Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

«Қазақстан полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халық арасында сақтықты басты орынға қойған. Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін де полицейлер. Азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін!» – деп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов полиция қатарына жаңадан қосылған жас буынды айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ант қабылдау – әрбір полиция қызметкері үшін толғандыратын салтанатты сәт екендігін атап өтіп, өзінің қызметін, өмірлік жолын халыққа қызмет етумен байланыстырған жас қызметкерлердің азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына сәттілік тіледі.
Іс-шарадан кейін департамент қызметкерлері саппен алаңда жүріп өтті.

Алдыңғы пост

Шымкент: жұмыскерлерден арыз-шағымдар қабылданып, тиісті жауаптар берілуде

Келесі жаңалық

Қала күні мерекесіне орай қаламгерлердің басқосуы өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі