infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды

June 17, 2021
in Қоғам
0
Шымкент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласында ескі мешіт жанынан қайта жаңғыртып салынған «Мұхаммед-Нұр» құлшылық үйінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты ашылу шарасында құттықтау сөзін алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт салудың, құлшылық етудің маңызына тоқталды.

«Тәуелсіздік – жалпы дүниеде теңдесі жоқ тәтті сөз. Бірақ оның оңайлықпен келмегені түсінікті. Күні кеше 31 мамыр күні қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алдық. «Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз. Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. Тәуелсіздіктің арқасында елімізде мешіттер қайта бой көтеріп, дініміз мен дәстүріміз оралды. Салт санамыз қайта жаңғырды. Мешіт салудың дінімізде сауабы орасан. Қалтасында қаржысы бар адам емес, Алланың қалауымен мешіт салу бұйырады екен. Сондықтан осында мешіт сала алмадым деген ой мазалаған жандар болса, Алла Тағала осындай мешіт салудың сауабын Сіздерге де нәсіп етсін. Мұхаммед-Нұр есімі берілген қасиетті орын жамағаты көп, жақсылығы мол орынға айналсын» деді Бас мүфти.

Игі шара аясында Бас мүфти Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «Мұхаммед-Нұр» мешітінің имамы – «Шымкент» медресе колледжінің түлегі қари Әбдіқадір Ураймжановқа қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйлады. Кейін мешіттің құрылысына қолдау көрсеткен барша демеуші азаматтардың атынан Шамқатжан Қалмұрадов ақсақалымыз сөз алып, Бас мүфтидің қолдау білдіргеніне ризашылығын жеткізді.

Аталған іс-шараға Бас мүфтимен бірге ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров және Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов қатысты.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕГІ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Келесі жаңалық

Шымкент: Еліміздің Бас мүфтиі этноауыл кешенін аралады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі