infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент ХҚО-лары 5 айда 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

22 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкент ХҚО-лары 5 айда 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойфнша филиалы 2021 жылдың бес айында қала тұрғындарына 480 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 412 452 қызмет «қағаз» жүзінде, 50 мыңнан астам әлеуметтік мәселелер бойынша, ал 45 мыңға жуық жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, тек «ConnectionPoint» – өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында осы уақыт ішінде 45 мыңнан астам консультация мен қызмет көрсетілді. «Біздің басты міндетіміз – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін ұсыну, азаматтардың уақыты мен ақшасын айтарлықтай үнемдеу. Біз халықтың қажетті құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әр бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар өз бетінше электрондық анықтамалар алып, баланы балабақша кезегіне қоя алады, айыппұл мен мемлекеттік баж салығын төлей алады. Ол үшін ЭЦҚ-ның болуы жеткілікті, оны осы жерде орналасқан ХҚО-да ресімдеуге болады», — деді Данабек Исабеков.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері шымкенттіктер 70 мыңға жуық ЭЦҚ алды. Сондай-ақ қалада үш Мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Азаматтар онда жүргізуші куәлігін алып, ауыстыра алады және өз көлігін қайта тіркей алады. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚО-ларда 148 мың авто қайта тіркелді, ал жүргізуші куәліктері 29 мың рет ресімделген.
Данабек Исабековтың айтуынша, корпорация мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы алуы үшін жұмыс істеуде. Ол үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен хабарласады және клиентке баруға ыңғайлы уақыты туралы келіседі. Мұндай сапарлар кезінде қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алуға да үйретеді.

Алдыңғы пост

Каратэден жазғы олимпиадаға Шымкенттік үш спортшы қатысады

Келесі жаңалық

Шымкентте БАҚ өкілдерінің арасында Спартакиада өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі