infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Шомылу маусымына орай қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде

15 июня, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ауа райының күрт жылынып кетуіне байланысты суға шомылу маусымы өзге өңірлерге қарағанда ерте басталып кетеді. Қазіргі таңда суға шомылушылар саны күрт көбеюде. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары жөнінде айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Қауіпсіздік адам өміріндегі ең маңызды фактордың бірі болып табылады. Осы орайда, аталмыш департамент өз құзыры аясында өңірдің су айдындарында ересектер мен балалар өліміне жол бермеу шараларын қамтамасыз етеді. Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда суға шомылуға рұқсат етілген 5 демалыс аймағы бар. Олар Тоғыс су қоймасындағы «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасындағы «Рахат Бадам» демалыс орны, Қошқар ата өзенінің бастауы, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл мен «Жайлаукөл» (Тұлпар). Аталған демалыс аймақтарының иелері демалушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты болады.

Төтенше жағдайлар департаментімен қазіргі кезде судағы қауіпсіздік іс-шараларына байланысты жергілікті органдармен бірігіп жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, қала көлемінде Департамент қызметкерлерімен «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақалалар жарияланып, сұхбаттар ұйымдастырылып, халықпен әңгімелесу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп шомылу маусымы аясында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады. Білім басқармасымен бірлесіп, «Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «Ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер орналастыру жұмыстары белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Алдыңғы пост

Биыл Тұран шағын ауданындағы 6 көшенің құрылысы аяқталады

Келесі жаңалық

Шымкент: Каратэші Юлдашев пен Берульцева Олимпиада лицензиясына ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі