infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БРИФИНГ БЕРДІ

15 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БРИФИНГ БЕРДІ
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанның қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шаралар туралы баспасөз брифингі өтті.
Шыңғыс Жұмабекұлының баяндауынша, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтіліп отыр. Мәселен, Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді. Бүгінде 2 564 адам емделуде, оның ішінде 1 346-сы стационарда, 1 218-і үйлерінде карантин режимінде. Соңғы 14 күнде коронавирус індетін жұқтырған науқастармен қатынаста болған 6 379 азамат амбулаторлық бақылауда.
– Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі, бұл жағдай әкімдіктің тұрақты бақылауында. Шаһарда коронавируспен күрестің 3 сценариі әзірленген. Бұл ретте бүгінде қалада мамандандырылған инфекциялық 2 196 төсек-орын бар. Дәрі-дәрмек пен өкпені жасанды желдету құрылғысы (ИВЛ) жеткілікті. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы – коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау. Шымкент қаласы бойынша қазірге дейін I компонентпен 330 305 адамға, ІІ компонентпен 202 020 адамға екпе егілді. Жалпы вакциналанған тұрғындардың көрсеткіші қала бойынша 60 пайыздан асып отыр. Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін 43 егу бекеті және 25 жылжымалы егу бекеті бар. Ең маңыздысы – халықтың денсаулығы, адамдардың амандығы. Алдағы екі аптада эпидемиологиялық ахуалды бақылап, зерделейміз. Егер жағдай тұрақталса, карантин шаралары жеңілдейді. Сондықтан, санитарлық талаптарды мейлінше қатаң сақтауға шақырамын, – деді Шыңғыс Мұқан.
Баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев «Атамекен» ҚР ҰКП эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдіретінін айтып, ахуалға байланысты бизнес субъектілерін минималды шығынмен шығару мақсатында ұсыныстарын жеткізді.
– Ең алдымен, вакцинациялау бойынша ынталандыру шаралары ретінде бизнес субъектілеріне рұқсат ету критерилерін белгілеу: Яғни, қызметкерлерінің 50 пайыздан астамы вакцинацияланған және «Ashyq» жобасына адал қатысқан нысандарға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беру. Сондай-ақ, бұл жобаны барлық саладағы бизнес субъектілеріне ендіру. Осы орайда СОО/СҮ және базарларындағы кіру орындарында аталған қосымша арқылы статусты салыстыруды жүзеге асыратын өткізу жүйелерін (турникет) пайдалану қажет. Бұл ретте «Ashyq» жобасына кіру бойынша алгоритмдерді оңайлату керек, – деді ол.
Сонымен қатар, Нұрлан Орынбасарұлы Мәскеу қаласының инфекцияның таралуына қарсы тұру барысында «Covid-19 тегін аймақтар» тәжірибесін пилоттық жоба ретінде енгізуді алға тартты. Бұл жоба кезінде кәсіпкерлердің жұмысына тыйым салынбайды. Дегенмен спикер аталған ұсыныстар күрделі эпидахуал бірқалыпқа түскен соң енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Брифинг барысында сөз алған Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Ахметов инфекцияның тіркелуінің жоғарылауына байланысты бірқатар шектеу шарасын айтып өтті.
Оның сөзінше, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндері қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Ал базарлардың жұмысы демалыс күндері шектеледі, тек жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін істейді. Оған қоса, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа да кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Алдыңғы пост

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫНА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ «COVID-19»-КЕ ҚАРСЫ ҮШ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТКЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі