infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент- қайырымды қала

16 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкент- қайырымды қала
0
SHARES
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттіктер қайырымдылық жасаудан, бір-біріне мейірімділік, ізгілік танытуда да белсенді екенін көрсетті.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық жүйесі» тақырыбы бойынша сараптамалық баяндама жасап, халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген болатын. Соның нәтижесінде Шымкент халқының 75,8%-ы қайырымдылыққа оң көзбен қарайтыны белгілі болды. Айта кетейік, бірінші орында – Нұр-Сұлтандықтар тұр.

Шымкенттіктер «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген ұстанымда. Қала тұрғындары аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс әр адамның азаматтық парызы деп біледі.

Сауалнама нәтижесі бойынша қайырымдылық жасауды құп көретіндер тізімін 87,7%-бен Нұр-Сұлтан халқы бастап тұр. Біз екінші орындамыз. Үшінші орында – түркістандықтар. (74,5%).
Сауалнаманың қорытындысы бойынша, Қостанай халқының 88,9%-і қайырымдылық жасауға жағдайдың жоқтығын айтқан. Жамбыл облысы 82,1% көрсеткішпен екінші орында. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан Атырау облысының 78,9% халқы да қайырымдылыққа жасауға мүмкіншілігі жоқтығын көрсеткен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын «Жомарт жүрек» сыйлығының 2020 жылғы жүлдесін біздің өлке меценаттарының бір емес, үшеуі иемденді. Атап айтсақ, туған жерде ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетімдер мен мүгедектерге, зейнеткерлерге үздіксіз көмек көрсеткені үшін «OtauGroup» холдингінің президенті Қайрат Молдасейітов «Жыл меценаты» атанса,

белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы ауқымды қайырымдылық қызметі үшін «Корпорация «Береке» А» ЖШС Бас директоры Рәшкүл Оспаналиева «Жыл тұлғасы» номинациясын иемденді.

Ал денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін және елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, гүлзарларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын қайта құру мен салуға атсалысқан «Ақ Орда корпорациясы» ЖШС директоры Садулла Қалыбеков «Туған өлке» номинациясымен марапатталған болатын.

Сондай ақ, биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жалғасып жатыр. Бүгінде тек жоба үшін емес, өңіріміздің жеке азаматтары мен науқас балаларға, балалар үйлері мен жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсетіп, қолұшын беріп жүрген, онысын жария етуден аулақ азаматтар көп.

Қайырымдылық жасау – науқандыққа сай келмейтін іс. Әлі де алға қарай ұмтылуымыз керек. Шымкент — қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін, тұрғындары еңбекқор, ерекше қала екеніне қызығатындар көп қой.

Алдыңғы пост

Шымкент тарихына арналған өлкетану кеші өтті

Келесі жаңалық

Шымкентте жас программистер марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі