infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Нұрлы жер» бағдарламасының несиелік бағыттары бойынша 1299 азамат баспанамен қамтылды

June 28, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласында жыл басынан бері 1299 азамат несиелік бағыттағы баспанамен қамтылды. Оның ішінде «Отбасы банк» тарапынан 2020 жылы пайдалануға берілген кредиттік тұрғын үйлерге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша 450 азамат несие рәсімдеп, пәтерлеріне қоныстанды; «7-20-25» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 849 азамат несие негізінде жаңа баспана кілтіне қол жеткізді. Осы ипотекалық бағытта баспаналы болған жалпы саны 1299 азаматтың 286-сы тұрғын үй кезегінде тіркелгендер.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін біріктірді. Қазіргі таңда елімізде азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін қолжетімді мүмкіндіктер жасау мақсатында ипотекалық бағдарламалар енгізілген. Атап айтсақ, «2-10-20» (Бақытты отбасы), «7-20-25», «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы (5-10-20).
«2-10-20» (Бақытты отбасы) бағытына тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.
Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы (5-10-20) бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез- келген азаматқа өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған. Қалған «7-20-25» бағыты бойынша кез келген, атында мүлік тіркелмеген ҚР азаматы нарықтан алғашқы тұрғын үйден пәтер алу мүмкіншілігі бар.
Айта кету керек, жоғарыда аталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үй бағыттары бойынша 2020 жылы 2621 азамат несие негізінде баспаналы болған. Оның ішінде 466 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер.

Алдыңғы пост

«АЗАТ» тұрғын алабының инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Келесі жаңалық

15 жылын театрға арнаған бутафоршы!

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі