infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов брифинг берді

22 июня, 2021
in Қоғам
0
Шымкент: қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов брифинг берді
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Көрме орталығында қала әкімінің орынбасары М.Айманбетовтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Мәулен Зарлықұлы өңірдің даму стратегиясы аясында (құрылыс, энергетика, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, жайлы ортаны дамыту салалары) атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Қазіргі таңда Шымкентте көпқабатты тұрғын үй құрылысына басымдық берілуде. Осы ретте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 79 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тұран шағын аудандарында 65 кредиттік тұрғын үйдің (4064 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарланған. Биыл 33 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, 2 096 азамат кредиттік баспанаға қол жеткізеді. Сонымен қатар, 14 арендалық тұрғын үй салынуда. Оның 6-ы — әкімшілік-іскерлік орталығында, 8-і — Тұранда. Ағымдағы жылы 6 үйдің құрылысын аяқтап, 336 пәтерді пайдалануға тапсырамыз, – деді қала әкімінің орынбасары.

Спикердің сөзінше, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстардың негізінде қазіргі таңда 81 елдімекеннің 69-ы сапалы, 5-і кестемен, 7-і тасымалды ауыз суға қол жеткізген. Ал кәріз жүйесі бойынша 18-і (559,5 мың адам), сапалы электрмен 65-і , табиғи газбен жартылай 33, толық 40 елдімекені қамтылған.

Сонымен қатар, кәрізбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы 8 елдімекенде ішкі орамдық және 3 магистралды коллектордың құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 1 нысанның (Тоғыс коллектор) құрылысы аяқталды. Шымсити, Тұран, АДЦ, Тоғыс шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды.

Айта кетейік, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының жұмыстары бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 6 айда 17,8 пайызға артты.

Алдыңғы пост

Шымкент: қылмыстық процес 3 буынды модельде жұмыс істеуде

Келесі жаңалық

Шымкент: «Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі