infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Қонаев даңғылындағы жолайрықта жерасты өткелі салынады

June 16, 2021
in Қоғам
0
Шымкент: Қонаев даңғылындағы жолайрықта жерасты өткелі салынады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов БАҚ өкілдерінің қатысуымен құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралау барысында айтты.
– Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады. Жалпы жоспар бойынша жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілмек, – деді қала әкімінің орынбасары.
Қазіргі таңда 1,92 шақырым су және 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 0,6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылып, жерасты өткелінің жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.
– Жолайрықтың құрылысы былтыр қазан айында басталғаны белгілі. Бірінші кезеңдегі жұмыстар аяқталып, қазір екінші кезең жалғасуда. Өткен айда барлық инжинерлік-коммуникациялық желілер көшірілді. Қазір Д.Қонаев пен Бәйдібек би даңғылдарында тоннель қазылып, бетоннан тіреуіш қабырғалар құйылуда. Жақында Т.Рысқұлов көшесінің де бір қапталы уақтылы жабылып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жолайрықты «Базис-А» корпорациясы салып жатыр. Бұл компанияның осындай күрделі нысандардың құрылысын жүргізу бойынша мол тәжірибесі бар. Жолайрықтың қаланың орталығында орналасқанын ескере отырып, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту үшін жұмыстар күндіз-түні жүріп жатыр, – деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов.
Бұл ретте Қонаев даңғылында өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарланған.
Айта кетейік, бүгінде қалада жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бақылауында. Бұл – жол сапасына тәуелсіз сараптама жүргізетін бірегей құрылым.

Алдыңғы пост

Шымкентте нашақорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі штабтың кезекті мәжілісі өтті

Келесі жаңалық

Шымкенттік Софья Берульцева Олимпиадаға жолдама алды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі