infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент әкімі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

June 28, 2021
in Қоғам
0
Шымкент әкімі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар журналистерді марапаттады.
Жиында БАҚ саласында адал еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс айтып, ізгі тілегін жолдады.
– Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала. Сіздер ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қасиетті қалам сертін адал атқарып келесіздер.
Мемлекет пен қоғамның арасына алтын көпір болып, қашан да қайнаған тіршілік ортасынан табыласыздар. Пандемия жағдайында да төнген қауіпті елемей, халыққа шұғыл ақпарат таратып, аянбай еңбек еттіңіздер. Жақсылықтың жаршысы болып, ұлтқа қызмет етудің ғажап үлгісін көрсете беріңіздер! – деді қала әкімі.
Сонымен бірге, мерекелік шарада қаланың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтарды, жақсы істерді көпшілікке жеткізіп, түрлі мәселелерді шешу жолында белсене қалам тартқаны, сондай-ақ, жоғары кәсібилігі, шыншылдығы үшін журналистерге төлбелгілер мен арнайы номинациялар табыстады.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 176 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде – 123-і мерзімді баспасөз басылымдары, 106 газет, 17 журнал, 4 телеарна, 2 радио және 47 ақпараттық портал. Аталған БАҚ-тың 95-і немесе 58% мемлекеттік тілде, 28-і мемлекеттік және орыс тілдерінде, 52-і орыс тілінде, 1-уі өзбек тілінде шығарылады. Олар үшінші мегаполисте атқарылып жатқан игі істердің тиімді насихатталуына атсалысып келеді.
Алдыңғы пост

Шымкентте 50 жылға кепілдігі бар полиэтилен құбырлары нарыққа ұсынылуда

Келесі жаңалық

Қала әкімі көріктендіру жұмыстарының барысымен танысты

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі