infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

June 16, 2021
in Қоғам
0
Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Матзер Пласс» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару түтігі өндірісін іске қосу жайын айтты.

«METZER PLAS» компаниясы – ауыл шаруашылығында суару саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Олар өз тұтынушыларына су ресурстарын ұтымды пайдаланудың инновациялық технологияларын ұсынады. Қазіргі уақытта тамшылатып суару технологиясы суару нарығында әртүрлі салаларда қолданудың арқасында үлкен үлесті алады. «Ирригатор Казахстан» ЖШС нақ осы компанияның ресми өкілі болып табылады. Айта кетерлігі, Израиль мемлекеті әлемде аргоөнімдерді экспорттауда алғашқы орындарда.

Компанияның басқарма төрағасы Шмуль Шчупак инвестор ретінде Шымкент қаласында тамшылатып суаруға арналған полиэтилен құбырларын өндіру жобасын іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қаланың географиялық орналасуы, климаттың қолайлылығы Шымкенттің басты ерекшелігі болып тұрғанын атап өтіп, іскерлік қарым-қатынасқа қолдау көрсетуін сұрады.

– Шымкенттің стратегиялық маңызды объектілері және әртүрлі салаларға инвестиция салуда белгілі бір артықшылықтары бар. Қалада 3 «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймағы, арнайы-экономикалық аймақ және 1 сауда-логистикалық орталық жұмыс істейді. Мұнда қаражатты тиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Инвесторларға ұзақ мерзімді жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылады. АЭА қатысушылары үшін салық жеңілдіктері де қолданылады. Сондай-ақ, қала көлік-логистикалық хаб ретінде дамып, өңірдің екі ірі экономикасын біріктіріп, халықаралық саудадағы Қазақстанның оңтүстік қақпасына айналады, – деген қала әкімі бірлескен жобаларды іске асыруға сенім білдірді.

Алдыңғы пост

Шымкент: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

Келесі жаңалық

Шымкент қаласына квест-саяхат ұйымдастырылды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі