infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент әкімі ресейлік кәсіпкерді қабылдады

June 9, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «TDL Textile» компаниясының құрылтайшысы Р.Петровті қабылдады. Аталмыш компания – табиғи маталар, үй тоқымасын және медициналық өнімдерді өндіретін ресейлік жетекші кәсіпорындардың бірі. Иваново, Кострома және Мәскеу облыстарында 5500-ден астам қызметкері бар.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтасты айта келіп, Шымкентте тоқыма өнеркәсібін дамыту жайын сөз қылды.
– Шымкент – дамыған инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның экономикасы дамыған үшінші мегаполисі. Қала Орталық Азияда инвестициялар мен технологияларды тартудың жаңа орталығына айналуы үшін зор әлеуетке ие. Өңірлік бөліністе қаланың жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 9,6 млрд.теңгені құрап (жыл басынан бастап) елімізде бірінші орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 134,1%-ға ұлғайды. Қала өндірісінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9% – ды, елдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,7% – ды құрайды, – деген қала әкімі жаңа жобаларды бірлесе жасауға шақырды.
Ал ресейлік кәсіпкер «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан «Azala Cotton» тоқыма фабрикасының жұмысымен танысқанын айта келе, ортақ жұмыс жасауға мүдделілік танытатынын білдірді.
Айта өтсек, аумағы 200 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы құрылған болатын. Бүгінде экономикалық аймақтың аумағында инвестиция көлемі 42,95 млрд. теңге болатын 25 жоба жүзеге асырылып жатыр. 2293 тұрақты жұмыс орны ашылды. Резиденттер үшін тегін жер учаскесі, жер салығын, мүлік салығын және корпоративтік табыс салығын төлеуден босату түрінде инвестициялық жеңілдіктер мен преференциялар көзделген. 100 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған. Сондай-ақ, АЭА аумағында сумен жабдықтау және электр энергиясына тарифтер Шымкент қаласында жалпы белгіленген тарифтерден айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн.
Алдыңғы пост

Шымкент: Басқарма басшысы тікелей эфирде сұхбат берді

Келесі жаңалық

Шымкентте экстремалды спорттың жанкүйерлері артып келеді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі