infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Әл-Фараби көшесінің жалғасын салу құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда

June 22, 2021
in Қоғам
0
Шымкент: Әл-Фараби көшесінің жалғасын салу құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби көшесінің жалғасындағы құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.
Жол-құрылысының (А-2 жолынан М-32 жол айрығына дейін) ұзындығы – 7,6 шақырым, ені – 43 метр.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесіне қосылатын учаскеде 900 метр жолдың жер жұмыстары жүріп жатыр. Жоба құрылысы 2017-2021 жылдар аралығына жоспарланған болатын. Құрылысқа жауапты мердігер – «Отау-Строй» ЖШС.

Қазіргі таңда құрылыс бойынша 6,7 шақырым жол жамылғысы, ирригация жүйесі мен аяқжолдар салынды. Сонымен бірге, Әл-Фараби көшесіне жалғанатын 900 метр учаскесінде жер жұмыстары қарқын алған.

Дегенмен, 14 жер телімі құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп тұр. Сол себепті жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтарудың жолдары қарастырылуда.

Айта кетейік, бүгінде Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады. Жалпы жоспар бойынша Қонаев даңғылында өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарланған.

Алдыңғы пост

Өрт сөндіруші-құтқарушылардың психологиялық дайындығы тексерілді

Келесі жаңалық

Көп қабатты үйдің қасбеті ретке келтірілді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі