infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Шөкеев Түркістанды аралап, тұрғындармен еркін форматта әңгімелесіп, пікір-өтініштерін тыңдады

March 31, 2022
in Әлеумет
0
Шөкеев Түркістанды аралап, тұрғындармен еркін форматта әңгімелесіп, пікір-өтініштерін тыңдады
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қоғамның түрлі топ өкілдерімен кездесуді жалғастырып жатыр. Аудан, қалалардағы жұмыс сапарларында жергілікті ақсақалдармен, зиялық қауыммен сұхбаттасуды әдетке айналдырған өңір басшысы Түркістандағы «Farab» кітапханасында жастармен, Қ.А.Ясауи атынағы ХҚТУ-де ұстаздармен жүздескен болатын. Ал бүгін Ө.Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, мемлекеттік қызметшілермен, дәрігерлермен, тұрғындармен кездесті. Қаланы аралап жүріп, жұртшылықпен еркін форматта әңгімелесіп, пікірлерін, өтініштерін тыңдады.
– Түркістан өңіріндегі өзгерістерді өздеріңіз көріп жатырсыздар. Тарихи шаһар жаңарып, өзгеруде. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Енді тұрғындар да өздері тұратын аумақты таза ұстап, қаланың гүлденуіне үлес қосулары тиіс. Әкімнің ең бірінші міндеті – халыққа қызмет ету. Арнайы қаланы аралап, елдің пікірін тыңдап жүрмін. Сіздерде жағдай дұрыс болса, ол – біз үшін үлкен қуаныш. Он бес мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, 100 мыңға жуық тұрғынға инфрақұрылым салынды. Мемлекеттік қызметшілері мен дәрігерлерге де қолдау көрсетілуде. Азаматтар мемлекет сенімін ақтап, адал қызмет етуі тиіс, – деді Ө.Шөкеев.
Департаменттер үйіндегі тіс емханасының, асханасының жұмысымен танысу барысында ол мемлекеттік қызметшілермен жүздесіп, пікір алмасты. Мемлекеттік қызметшілер мен дәрігерлердің ой-пікірлерін, өтініштерін тыңдады.
Облыс әкімі Түркістандағы жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен де кездесті. «ИнтерКонстракшн» ЖШС-і мен Рысбеков пен Баялиев көшелерінің тұрғындарымен жүздесу барысында олардың өтініштері мен мәселелері тыңдалды. Тұрғындар балалар алаңшасын салу, кәріз жүйелерін жетілдіру жөнінде мәселе қозғады. Елмен етене еңбек етіп жүрген басшының жұмысын оң бағалады. Өңір басшысы Түркістан облысы құрылған 4 жылға жуық уақыт ішінде Түркістан қаласын кәріз жүйесімен қамту ісі үш есе артқанын мәлімдеді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА Ә.НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысы әкімінің елге есеп беру жиыны жаңа форматта өткізіліп жатыр

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі