Wednesday, December 4

Қазақстандықтар референдум күні уақытша мекенжай тіркеуін жасай алады

0
23


6 қазанда өтетін республикалық референдумда тұрғылықты тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркеле алады. Аталған қызметті ХҚКО мамандары көрсетеді.
Еліміз бойынша бұл күні 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 196 дауыс беру учаскесіне халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмылдырылады. Олар тіркеуі жоқ азаматтарды сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша тіркеуге тұрғызады. Мұндай шешім қазақстандықтардың өзінің дауыс беру құқығын пайдалана алу үшін қабылданды.
Айта кету керек, референдум күні ХҚКО қызметкерлері сайлау учаскесінде сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін азаматтарды бір күнге мекенжай бойынша уақытша тіркейтін болады. Егер тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азамат дауыс беру үшін мектеп, колледж немесе ауруханаға жүгінсе, оны сол мекемеде тіркейді. Ескеретін маңызды жайт, 7 қазан күні азамат автоматты түрде тіркелген жерінен шығарылады, сәйкесінше дауыс беруші өз тұрғылықты мекенжайы бойынша қайта тіркелу керек.
Сондай-ақ, мекенжай тіркеуі бар азаматтар референдум күні ХҚКО арқылы басқа мекенжайға тіркеле алмайтынын атап өткен жөн. Өйткені дауысты тек тұрғылықты мекенжай бойынша ғана беруге болады.
ХҚКО мамандары жұмыс істейтін сайлау учаскелерінің мекенжайларымен сілтемесіне өтіп, таныса аласыз.
Еске сала кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум 6 қазан күні өтеді.

Leave a reply