infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 8 КОМПАНИЯ ҚАТЫСАДЫ

October 18, 2022
in Экономика
0
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 8 КОМПАНИЯ ҚАТЫСАДЫ
0
SHARES
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша  – «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ, «Хабибулла-Ата» ЖК, «ART Boilers» ЖШС, «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша – «SEM BRAND» ЖК, «Арай» ӨК, «Арыс Минералды Су»  ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша – «БӨРТЕ МИЛКА» ЖШС, ТОО Aykan, «Көрік» ЖШС жеңіп алған болатын. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына Түркістан облысынан  8 компания қатысады.        

Бүгін біз оқырмандарға Түркістан облысында «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-байқауының өңірлік жеңімпазы ,  80-ге жуық  компания арасынан үздік болып шыққан, республикалық сынға жолдама алған, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясын жеңіп алған – АҚ  «Кентау трансформаторлық зауытын» таныстырмақпыз.

Кентаудағы зауыт – ТМД-дағы трансформаторлық жабдықтың ең ірі өндірушісі. Қазіргі таңда зауыт толығымен жабдықталған, жаңа техникалар алынып кәсіпорын 93 пайызға дейін жаңартылған. Жұмыс үш ауысымда жүреді. Кәсіпорында 1252 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Кайдзен» басқару жүйесін қолданады. Зауытта екі робот бар. Бірі дәнекерлеуші болса, екіншісі – жинаушы робот. Роботтар жүз адамның жұмысын істей алады. Жапонияның «Yaskawa» және Швейцарияның «Tuboly» компаниясынан алынған роботтарға 1 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оның 50%-ын мемлекеттік грант құрайды. Басқарма төрағасының сөзінше, бұл екі робот өз қол астында жұмыс істейтін инженерлердің арнайы тапсырысымен жасалған. Басқа ешбір елде аналогы жоқ.

«Бұл зауыт – бүгінде Кентау қаласының ғана емес, еліміздің экономикасына да үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтып қана қоймай, жоғары жалақы ұсынып отыр», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

 

Зауыттың жанынан 2012 жылы политехникалық колледж ашылған. Ол осы Кентау трансфарматор зауытының (КТЗ) базасында құрылды. 2012 жылы колледждің табалдырығын 107 студент аттаған. Оларды «Техниканы пайдалану, қызмет көрсету және электр және электромеханикалық құрал-жабдықтарды жөндеу», «Электржабдықтар электр станциясы, шағын станция және желі», «Электрожабдық», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша қабылдаған. Он жыл ішінде колледж біраз мамандар даярлап шығарды. Зауытқа қажет мамандарды өздері оқытып, жұмысқа қабылдайды.

 

Еске салайық, байқауды ұйымдастыру 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жергілікті жерлерде – өңірлік палаталарға жүктелген. Байқауға қатысудың басты өлшемшарттары – өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

 

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады. «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауы 8 қазанда Астана қаласында өтеді деп күтілуде.

Алдыңғы пост

«БӨРТЕ МИЛКА» КӘСІПОРНЫ ТӘУЛІГІНЕ 15 ТОННА СҮТ ӨНДІРЕДІ

Келесі жаңалық

ОТЫРАРЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕР МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН ТЕМІРДЕН ТОР ЖАСАУ ӨНДІРІСІН ДАМЫТЫП ОТЫР

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі