infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметі қандай

17 октября, 2022
in Әлеумет
0
Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметі қандай
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер құрайды.

Үкімет құрамына Үкiмет мүшелерi — Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды тұлғалар кiредi.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1. мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2. Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

3. әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды;

4. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

5. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

5-1. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;

5-2. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген түрде мемлекеттік жоспарлау жүйесін анықтайды;

5-3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін айқындайды.

6. Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жасақтау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

7. құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

8. мемлекеттік баға белгілеу саясатын тұжырымдайды; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді;

9. мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;

10. еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын қалыптастырады;

10-1. Республика Президентiмен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

11. мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдайды; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

12. ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

13. табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

14. құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығын және мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;

15. келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

16. өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

Республика Премьер-Министрi

 

1. Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі;

2. Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;

3. халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;

4. Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшесін, оның ішінде Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесін қызметтен босату туралы ұсынулар енгізеді;

5. Республика Президентімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін келіседі;

6. Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;

7. Үкімет мүшелерінің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;

8. Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құрады және таратады;

9. Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.

 

Республика Премьер-Министрi мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.

Алдыңғы пост

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың бірлескен мәлімдемесі

Келесі жаңалық

Түркістан шаһары – қаймағы бұзылмаған қазақтың қарашаңырағы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі