infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазір диқанды үйінен таппайсыз…

August 22, 2022
in Экономика
0
Қазір диқанды үйінен таппайсыз…
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамыған Мақтаарал өңіріне жолыңыз түсе қалса, селтеңдеп бос жүрген ешкімді көрмейсіз. Ал, диқандарды үйінен таппайсыз. Егістік алқаптарында қызу еңбек. Ауданда бір алқаптан екі-үш өнім алып жүрген диқандардың қатары көбейген. Солардың бірі – Н.Есентаев ауылындағы «Сабыр» шаруа қожалығының төрағасы Шағыр Көшербаев.

«Сабыр» шаруа қожалығының иелігінде 22,2 гектар жер бар. Олар төрт жыл қатарынан 12,2 гектар суармалы алқаптан жылына екі рет өнім алу жобасын қолға алған. Биыл бірінші өнімге қырыққабаттың ерте пісетін, дер мезгілінде пісетін, кеш пісетін сорттарын үш кезеңде егіп,  әр сортынан гектарына 40,50,70 тоннадан өнім алған. Мамыр айында қырыққабатты жинап алған соң, орнына жүгері еккен. Одан бөлек,  бос жатқан жерлерді жалға алып, қауын егіп тастаған. Шаруа қожалығы бір жылда 70 гектарға жуық жерді игереді екен.

– Биыл қырыққабаттың бағасы несібемізге қарай жақсы болды. Мұның алдындағы екі жылда өнімді өткізе алмай, бағасы түсіп кетіп, қиналған едік. Биыл «Ранный» сортының әр келісін 160 теңгеден бастап 110 теңгеге дейін саудаладық. Енді диқаншылық дегеніңіз осы, өнім бір жылы жақсы болады, бір жылы нашар болады. Жақсы болған жылдары екі жылдың шығынын жауып кетуі мүмкін. Қырыққабатты жинап, сатып болғаннан кейін, жерді өңдеп, екінші дақылды егуге дайындаймыз. Биыл  екінші өнімге жүгері егіп жатырмыз. Жылда екінші өнімге қауын егетін едік. Алайда, бағаның тұрақты болмауына байланысты бізге жүгері егу тиімді болды. Оның әр гектарынан 10-12 тонна дән аламыз. Құдай қаласа, қыркүйектің аяғында жүгеріні жинап аламыз. Үшінші өнімге қысқы қырыққабат егуге болады, – дейді Шағыр Көшербаев.

Диқан пленка астына егілген қауынның «Жиенбай» сортын  өсіріп, піскен соң Латвия мемлекетіне экспорттайды екен. Экспортқа шығарылатын өнім көлікке арнайы «Kazakhstan Melon Mаktaaral» деген қорапқа салынып артылады. Бұл деген қауынның Қазақстаннан шыққанын білдіреді.

Орташа есеппен әр гектардан 40 тонна қауын жинап жатырмыз. Өнімнің 70 пайызы сатылымға шығарылды. Биылдан бастап өнімді Еуропаға экспорттап жатырмыз. Қыркүйек айының аяғында қауынды толықтай жинап бітеміз, – дейді диқан.

Ал, ауылда жаз мезгілінде жұмыссыз жүрген жастар мен мектеп оқушылары осы егін жинау науқанына тартылады.  Шаруа қожалығы қысы-жазы 30 шақты ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған.

Диқан бір алқаптан екі рет өнім алудың пайдасын айтып өтті. «Өзіміздің ақшамызды шығарып қырыққабатты қорықпай егетініміз, екінші өнім кеткен шығынның орнын жабады, одан біз ұтылмаймыз. Егіншілікпен айналысып келе жатқаныма 10 жыл болды. Бала кезімізде «егіншілікке не оқу керек?» деуші едік. Асылық айтады екенбіз. Осы диқаншылықпен айналысқаныма бақандай 10 жыл болса да әлі түбіне жеткен жоқпын. Білгенімнен білмегенім көп. Алдағы жылы бірінші өнімге сәбіз бен картоп егуді ойластырып жатырмыз. Екінші өнімге кез келген дақылды егуге болады» дейді ол.

Шаруа қожалығы тамшылатып суару  технологиясына басымдық беріп,  су үнемдеуге көшкен. Осы арқылы өнімділік еселеп артқан.

Тамшылатып суару технологиясы тиімді. Бұл дақылдың өнімділігін екі есеге көтереді. Шығыны да аз. Суды тамырдан жібергеннен кейін тыңайтқышты аз бересің. Жеңілдетілген бағада тыңайтқыш алдық. Бірақ, биыл кешігіп алдық, – дейді ол.

Маңдайы шып-шып терлеген диқандар ерте көктемнен бері бел жазған жоқ. Есесіне Алла берекесін беріп, табыстарын да еселеп жатыр.

Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданы бойынша 60,9 мың гектар суармалы алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап айтқанда, үйіргелік жермен есептегенде  39,2 мың гектарға мақта, 502 гектарға ерте пісетін көкөніс, оның ішінде 357 гектарға қырыққабат, 443 гектарға қызанақ, 311 гектарға қияр, 3,1 гектарға қызылша, 50,5 гектарға байалдыр, 36,4 гектарға пияз, 56 гектарға болгар бұрышы, 160,7  гектарға картоп егілді.

Қазіргі таңда күн сайын Мақтаарал ауданынан қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия елдеріне жол тартып жатыр. Биыл Мақтаарал диқандары 13379,5 гектар жерге бақша дақылдарын еккен. Оның ішінде 2884 гектарға пленка астына қауын, 61,2 гектар қарбыз, 10064,9 гектар ашық жерге қауын және 369,5 гектар ашық жерге қарбыз егілген. Қазіргі таңда бақшадан жалпы көлемі 398 мың тоннаға жуық өнім жиналып, оның 80%-ы шет мемлекеттерге экспортталды.

 

Ұлас ҮСЕНБАЙ,

 «Ońtústik Qazaqstan».

Алдыңғы пост

Ел ырзығы еселенді

Келесі жаңалық

Иранмен байланыс жаңа сатыға көтерілуде

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі