infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қала әкімінің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

June 12, 2021
in Қоғам
0
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды. Дегенмен, миллионды қалада жыл сайын баспанаға да сұраныс артуда. Қазіргі таңда үй кезегіне тіркелген 44 635 азаматтың 19844-ін мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер құрайды.
Бірнеше бюджеттік ұйым қызметкерлері бүгін дәл осы тұрғын үй мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің онлайн қабылдауында болды. Ерғали Дәулетбекұлы әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, баспанамен қамтудың тиімді бағдарламаларын қарастырды. Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында «5-10-20» Шаңырақ» бағдарламасы, 5-20-25 және 7-20-25 несиелік бағдарламалары ұсынылуда.
Тіпті ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Биыл баспанаға мұқтаж азаматтарға қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қайтарымсыз негізде 300 млн. теңге тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр. Басты талаптары мен өтініш қабылдау туралы хабарландыру алдын-ала жарияланатын болады.
Тұрғын үй сертификатын алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері үміткер бола алады.
Алдыңғы пост

Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Келесі жаңалық

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бірқатар құрылыс нысандарында болды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі