infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қарақшыны құрықтаған қырағы шымкенттік полицей

June 22, 2021
in Қоғам
0
Қарақшыны құрықтаған қырағы шымкенттік полицей
0
SHARES
46
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Полиция департаменті қолға алған «Біздің полиция» жобасының кезекті кейіпкері де құқық тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосқан тәртіп сақшысы. 34 жастағы полиция капитаны – Әлібек Өтемұратов. Үш баланың әкесі. Бала Әлібек жастайынан полиция қызметкері болуды армандаған. Сол арманының жетегінде ХҚТУ-де заңгер мамандығын бітірген. Ішкі істер органдарында 13 жылдан бері қызмет етеді.

Еске салайық, осыдан бірнеше жыл алдын Каспий банкіне шабуыл жасалып, елді шулатқан болатын. Оқиға орнына Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел тергеу тобы келіп жеткен. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін қажетті шараларды жүргізген. Қарақшылық бойынша арнайы хабарлама түскеннен бастап, Әлібек өз ісіне кіріседі. Ол бірінші оқиға болған жерден Ақпан батыр көшесіне дейін жаяу жүріп өтіп, аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыра бастайды. Сол аумақтағы бір дүкенге кіріп, күдікті туралы сұрастырып жатқанында көшенің арғы бетінде кетіп бара жатқан ер азаматқа көзі түседі. Оның жүріс тұрысынан бағыттамада жүрген ер азаматтың сырт келбетіне ұқсайтынын байқайды. Әлібек күдіктінің жанына барып, құжатын тексереді. Тексеру барысында Алматы қаласының тұрғыны екені анықталады. Бірден күдік тудырмас үшін, құжаттың Шымкент қаласына тіркелгенін анықтаймыз – деп, айлаға көшіп, күдіктіні Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жеткізген. Ол сол аралықта өзінің іздеп жүрген адамы екенін біліп, қызмет барысында психолог болып та үлгерген. Қызметіне аса жауапкершілікпен қарап, өз ісінің нағыз шеберлігінің арқасында Каспий банкіне қарақшылық жасаған қылмыскерді қолға түсіреді. Учаскелік инспектор оңай жолмен олжаға батпақ болған қылмыскердің бағытына балта шапты.

Күдіктіні тергеу кезінде тек Шымкент қаласындағы емес, 2016 жылы Алматы қаласындағы банкті тонап, іздеуде жүрген күдікті екені анықталады. Осылайша бір емес бірнеше қаладағы қылмыстың беті ашылып, өз жұмысының нәтижесін көрген Әлібек, өз ісіне риза болады.

Алғашқы еңбек жолын Ақтау қаласында Жол-патрульдік полиция полкінен бастаған. Кейін 2015 жылдан бастап ОҚО ІІД Кентау ҚІІБ-нің учаскелік инспекторы болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Әл-Фараби полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс өткеруде. Әлібек өзіне қарасты әкімшілік аумағындағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Тұрғындардың мұң-жұқтажына құлақ асып, келеңсіз жағдай орын алғанда әрқашан көмектесуге дайын. Өз аумағындағы үйлерді аралап шығып, олар туралы толыққанды мәліметтермен танысады.

Учаскелік инспектордың еңбегін бағалап, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде «16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» арналған мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін» медалімен марапатталған.

Алдыңғы пост

Шымкент: көше жарнамалары тіл заңына сәйкес дұрыс жазылуы жіті бақылауда!

Келесі жаңалық

Шымкенттік тергеушілер ішкі істер органдарының ардагерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі