infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Әйелдерге ақшаны басқару құпияларын үйретті

9 октября, 2022
in Әлеумет
0
Әйелдерге ақшаны басқару құпияларын үйретті
0
SHARES
117
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Экономикада әйелдердің үлесі жыл санап артып келеді. Өз кәсібін ашып, оны үлкен бизнеске айналдырып жүрген бикештер жетерлік. Бұл әйелдерге істі дөңгелету жеңіл дегенді білдірмесе керек. Олар да түрлі кедергілерге кездеседі, істің көзін таппай қиналады. Осыған орай Solva қаржылық ұйымы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеру мақсатында ашқан FinGramota.kz медиапорталымен, Халықаралық табысты әйелдер клубымен біріге отырып Түркістан қаласында «Әйел және ақша» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Бұл жиынға бизнес саласында жүрген бикелер ғана емес, шағын кәсіпкерлер, бизнеске енді қадам басқан, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған әйелдер қатысты.
«Көп отбасында бюджетті бөлумен әйел адам айналысады. Ол азық-түлікке, коммуналдық төлемдерге, өзге де шығындарға қанша ақша кететінін, бала-шағаға не қажет екенін жақсы біледі. Ақшаны жаратуды бәрі бәледі, алайда, оны дұрыс жұмсауды көбі біле бермейді. Solvа қаржылық ұйымының серіктестерімен біріге ұйымдастырған «Әйел және ақша» жобасы ауыл-аймақтардағы әйелдердің қаржылық сауаттылығын кеңейтуге, қолжетімді қаржымен қамтамасыз етіп қана қоймай, бала-шағасын асырап, өз кәсібін тиімді және артық шығынсыз қалай бастау керектігі жайлы кеңес беріп, нарықтық өмірге икемделуге көмектеседі» деп атап өтті Solvа қаржылық ұйымының бас директоры Анна Максимовна.
Ал, Динора СаитоваТүркістандағы өзі жетекшілік ететін  Халықаралық табысты әйелдер клубының мақсаты ауыл әйелдерінің қаржылық сауатын көтеру арқылы кәсіп бастауларына, жүргізулеріне көмектесу екенін айтып өтті.
«Статистикалық деректерге жүгінсек, отбасында ұрыс-жанжал көбіне жоқтықтан орын алады. Ал, мұндай семинарлар әйелдердің қаржылық сауатын ашып қана қоймай, олардың ақшаны қайдан тауып, кәсіп бастап, өз отбасы, балалары үшін жауапкершілікті алуына, өз-өздеріне деген сенімдерінің оянуына мүмкіндік береді. Бүгінде көбі түрлі қаржы ұйымдарынан несие алғанмен, оны төлей алмай қиналады. Ал, қаржылық сауат несиені дұрыс алуды ғана емес, капиталды сақтап қалу мен оны көбейтуге көмектеседі. Өз кәсібін ашып, тәуекелдерді есептеуді, банктер мен мемлекет ұсынатын түрлі инструменттерді біле алады. Сондықтан өңірлер үшін мұндай курстар өткізудің маңызы зор» дейді ол.
Семинарға «Атамекен» ҰКП-ның сертификатталған бизнес-тренері, №1 қаржылық сауаттылық мектебінің директоры мен құрылтайшысы  Ақжүніс Брасилова арнайы шақыртылып, тапқан табысты ұқсату, көбейту жайлы қызықты кеңестерімен бөлісті.
«Қаржылық сауаттылық дегеніміз – адамның өз табысы мен шығынын басқара алуы, дұрыс жаратуы және оны сауатты түрде көбейте білуі. Әйел отбасылық бюджетті дұрыс ұқсата білсе, бизнесте де ақшаны сауатты басқара алады» дейді ол.
Ал, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының маманы Мадина Сапақова бүгінде ел ішінде қаржы пирамидаларына алдану, қаржылық алаяқтыққа ұрыну оқиғалары тым жиілеп кеткеніне тоқталды. Маманның пікірінше, мұның бәрі қаржылық сауаттың жетіспеуінен туындайды. Соңғы уақытта банктің атынан қоңырау шалып, әлдебіреудің сіздің атыңыздан несие ресімдейін деп жатқанын орыс тілінде хабарлаушылар тым көбейіп кетті. Маман мұндай алаяқтардан құтылудың бір жолы  қазақ тілінде жауап беру  екенін, оларға банк картасының, жеке құжаттардың нөмірін айтпауды, ғаламтордағы микроқаржы ұйымдарының сайтында, өзге де инвестициялық платформаларда жеке деректерді қалдырмауды ескертті.
Жиын соңында түркістандық кәсіпкер Гүлнар Насырова ауыл әйелдері үшін қаржылық сауатты үйрететін осындай семинарлар аса қажет екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«Тұрақты жұмысы, табысы жоқ немесе үй шаруасындағы әйелдер кәсіпкерлікпен айналысқысы келгенмен, неден бастауды білмейді. Ал, мұндай семинарлар әйелдерге жігер, сенімділік береді» дейді ол.
Жасыратыны жоқ, кәсіп жүргізуде қаржылық білімнің кемдігі көп кесірін тигізіп жатады. Ал, ашық дереккөздерде бизнеске қатысты қазақ тілінде ақпараттар жоқтың қасы. Сондықтан Түркістан секілді таза қазақтілді өңірдегі кәсіпкер әйелдердің бұл семинардан үйренгені көп болды.
Гүлжамал МҰСАЕВА.
Алдыңғы пост

КӘСІБІҢ-НӘСІБІҢ

Келесі жаңалық

Эрмитажда тайқазанмен суретке түскен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі