infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды

June 16, 2021
in Қоғам
0
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларының барысы жөнінде жиын өтті.
Басқосуға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Сержан Сихымбекұлы, «SHYMKENT» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Канкин және кәсіпкерлер қатысты.

Шымкент қаласында жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 106,2 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткішпен қала республика бойынша 11 орында тұр.
Жалпы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар іске асуда. Бұл ретте тұрақтандыру қорымен кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілді.

Атап айтқанда, ірі сауда желілері – «Грамад» (800 млн.тг) 12 тауар түрі, «Фиркан» (300 млн.тг) 11 тауар түрі, «Magnum Cash&Carry» (1 млрд.тг) 19 тауар түрімен қамтылды. Жергілікті тауар өндірушілері – «TURAR» ЖШС (I сұрыпты ұн нан бағасын тұрақтандыру – 505 млн.тг), «Шымкент құс» ЖШС (I санатты жұмыртқа 200 млн.тг), «Hermes» ЖШС (көкөніс өнімдері – 128 млн.тг), «Юпекс» ЖШС (құмшекер – 500 млн.тг), «Момбетчеев» ЖК (күнбағыс майы – 200 млн.тг) және «Қасқасу-С» шаруа қожалығына (сиыр еті – 200 млн.тг) айналым қаражаты берілді .

Бұдан бөлек, қаладағы ірі шаруашылықтар – «Бәйтерек Агро» ШҚ-на (200 млн. тг), «Керемет-Сапа» ШҚ-на (100 млн.тг) тұрақтандыру қорының айналым механизмі бойынша қарыз қаражатын беру жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, аталған кәсіпкерлік нысандармен келісімшарттар түзілген жағдайда ет, көкөніс өнімдері және I сұрыпты ұн сауда желілерінде белгіленген бағада сатылатын болады.

Сонымен бірге, қаланың 4 ауданында, халық тығыз орналасқан аймақтарда әлеуметтік дүкендерді көптеп ашу көзделген. Қаладағы жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарды қолдау мақсатында және азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында апта сайын 4 ауданда («Фосфоршылар» мәдениет үйінің алды, «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағы, «1000 ұсақ-түйек» сауда қатары, «Рахима Плаза» сауда орталығының жаны) азық-түлік жәрмеңкелері өткізіліп жүр.

Алдыңғы пост

Шымкент: шағынаудандарда 11 базалық станция орнатылды

Келесі жаңалық

Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты бастау алды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі