infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІНЕ ОРАЙ, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

3 ноября, 2022
in Экономика, Әлеумет
0
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІНЕ ОРАЙ, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл қазан айының соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасында «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» мерекесі аталып өтеді.
Қоғамға қызмет ететін маманға жүктелген жауапкершілігінен бөлек, оның салаға сіңірген еңбегі ескерілуі тиіс.
Әлеуметтік сала — осы қоғамның бір бөлігі болғанымен, халыққа түрлі қызмет көрсететін негізгі саланың бірі. Тұрғындардың күнделікті тыныс-тіршілігіне араласып, мемлекеттік қолдаулар арқылы әлеуметтік жағдайын жақсартып, қайырымдылық көмегін ұйымдастырады.
Бүгін мереке қарсаңында ауданда әлеуметтік саладағы бірқатар қызметкердің еңбектері еленді.
Аудан әкімдігінде өткен құттықтау және марапаттау шарасына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нурлан Өмірбекұлы Сарыбеков және ұжымы, бөлімге қарасты үйде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің әлеуметтік қызметкерлері және Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы Абзал Казанкапов қатысты.
Аталған салаға жетекшелік ететін аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек ұжымның еңбегін бағалап, құрметін көрсетті.
Өз құттықтауында: «Құрметті ауданымыздың әлеуметтік қызметкерлері!
Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды. Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі.
Әлеуметтік саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жұмыссыз азаматтарға қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы.
Құрметті сала қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұдайы даму үстіндегі қоғамымызға сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қажет-ақ. Өздеріңіз жылдар бойы, әр күн сайын атқарып келе жатқан бұл жұмыс үлкен құрметке лайық. Әлеуметтік қызметкер – бұл тек кәсіп иесі ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын мейірлі жан.
Қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендіктеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!», — деген болатын.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін сала мамандары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С.Құдайбергенова, Сайрам ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің әлеуметтік мамандары: А.Момынқұлов, Ж.Тұрақұлова, Қ.Әлімбекова, Р.Пердебекова және «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлері З.Садикова, Р.Хажибанова, К.Абдурахманова және Р.Сұлтанов.
Шара соңында сала басшылары аудан әлеуметінің әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосып отырған қызметкерлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Алдыңғы пост

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ

Келесі жаңалық

НЕСИЕДЕН НЕСІБЕ ТАПТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі