infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ӘЛТАЕВТІ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ҰСЫНУ ХАТТАМАСЫН СОТ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫДЫ

17 октября, 2022
in Әлеумет
0
ӘЛТАЕВТІ ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ҰСЫНУ ХАТТАМАСЫН СОТ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды. Бұл туралы Астана қалалық сотының ресми сайты жазды.

«Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының соты республикалық қоғамдық бірлестіктің (РҚБ) жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады. Талапкерлер өз талаптарын 2022 жылғы 6 қазандағы РҚБ жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен бірлестік мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, ҚР Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә.-нің кандидатурасын беруге ниеттеніп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жібергеніне негіздеді. Жауапкер талаппен келіспеді және талапкердің дәлелдеріне қарамастан, РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көпшілік дауыспен Ә.-ні РҚБ атынан ұсыну туралы шешім қабылданды деп өз ұстанымын талап етті», — деп жазылған ресми мәліметте.

Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, республикалық қоғамдық бірлестік атынан президенттікке кандидат ұсыну кезінде бірлестіктің Жарғысына қайшы әрекеттер жасалған.

«Жарғының 33-тармағына сәйкес барлық шешімдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

Жарғының 31-тармағында, егер оның жұмысына бірлестіктің өңірлік филиалдарының (өкілдіктерінің) жартысынан астамының өкілдері қатысса және жиналысқа қатысушылардың жалпы саны кемінде 40 адамды құраса, жалпы жиналыс заңды деп танылады.
Сотта жалпы жиналыста Ә-нің кандидатурасын ұсынуға – 6 адам, қарсы – 11 адам дауыс бергені анықталды.
Осылайша, жалпы жиналысты өткізу кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауында РҚБ атынан кандидат ретінде Ә-нің ұсынылуына «қарсы» дауыс берді.
Сот жалпы жиналыс хаттамасы РҚБ Жарғысының 31 және 33-тармақтарының талаптарына қайшы келеді және шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, жалпы жиналысқа РҚБ мүшелері болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ адамдар қатысты және дауыс берді», — деп жазады Астана сотының сайты.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.

Алдыңғы пост

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН 43 БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ

Келесі жаңалық

Инвестицияны білімге құйған жаңа иқандықтар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі