ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫНА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
73
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы қоқыс алаңшаларын жуу апталығы басталды деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, Шымкент қаласы Әл-фараби ауданы Отырар шағынауданында, Желтоқсан, Түркістан, Диваев, Иляев, Тәуке хан сынды көшелерде орналасқан көпқабатты үйлердің қоқыс алаңшалары хлор сумен жуылды.
Айта кетейік санитарлық тазалау барысында ауладағы қоқыс алаңшалары мен контейнерлер алдымен сұйық сабынмен жуылып, артынан таза сумен шайылды. Сондай-ақ аптап ыстықта зиянды жәндіктер мен шыбын-шіркейлердің және зиянкестер жоламауы үшін хлор себілді. Мұндай залалсыздандыру жұмыстары ары қарай жалғасын таба береді.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 192 қоқыс алаңшасы және 749 қоқыс контейнері бар. Бүгінде аудан аумағындағы ескі контейнерлерді санау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жаңа контейнерлер қойылатын болады.
Ауданда қоқыс алаңшаларын кестеге сәйкес тазарту жұмыстарына «Шымкент Спец Комплекс» және «ЭкоСпецТранс» мекемелері жауапты.

Leave a reply