infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті

June 28, 2021
in Қоғам
0
Өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі А.Бейсембаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Баспасөз мәслихатында Аманбек Алтынбекұлы өрт қауіпті кезеңіндегі өзекті мәселелер туралы баяндады.
– Жыл басынан бері өңірімізде 85 өрт тіркелді. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өрттердің саны өзгеріссіз. Қайтыс болғандар жоқ. Тіркелгендердің басым бөлігі тұрғын секторда (46%) орын алып отыр. Оның басты себебі: отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, – деді департамент бастығының орынбасары.
Спикердің сөзінше, автокөліктегі өрт оқиғасы 32 пайызды құраған. Бұл реттегі тәжірибе оларды қолдану тиімділігінің төмендігін, жүргізушілердің дұрыс пайдалана алмауын және көліктің ақаулары болғандықтан жарамсыздығын көрсеткен. Орын алған жағдайлар бойынша 40 (15 өрт және 25 жану) жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, автомобильдегі өрт өте жылдам болатын және жоюшы құбылыс. Көлік күтпеген сәтте, көбінде қозғалыс кезінде тұтанады. Егер ешқандай шара қолданылмаса, 5-7 минуттың ішінде толықтай жанып кетеді. Тұтанудың 84 пайызы автокөліктің қозғалысы кезінде және оқиғалардың 76 пайызы моторлық бөлікте болады.
Брифинг соңында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ж.Кәрімбаев азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлады.
– ҚР Төтенше жағдайлар министрінің өкіміне сәйкес ағымдағы жылдың 29 маусым сағат 10:00-де құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Оның барысында барлық халықты құлақтандыру құралдары іске қосылады. Өңірімізде тиісінше республикалық және аумақтық деңгейдегі 2 құлақтандыру жүйесі бар. Республикалық деңгейдегі жүйе моральдық және физикалық тұрғыда ескірді. Қазіргі уақытта атқарушы органдармен бірлесіп ескірген жабдықтарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде, – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
Еске сала кетейік, қала бойынша сирено-сөйлеу қондырғыларының саны 85 бірлікті құрайды. Оның ішінде”Марс-Арсенал” маркалы 66 бірлік, “Вестник” маркалы -19 бірлігі бар.
Алдыңғы пост

Жас аналарды қолдау мақсатында тегін курстар өткізілді

Келесі жаңалық

Шымкентте дәрігерлер ауыр халдегі жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі