infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ӨТІНІШТЕР ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛҒАНША ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА БОЛАДЫ

25 ноября, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне әлеуметтік салаға қатысты өтініштер жиі келіп түседі. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Темірбаева Әсия Құралқызы онлайн және офлайн форматта жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Ол алдымен қабылдауға жазылған тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек алу, азық-түлік және киім-кешекке мұқтаждық, тұрақты жұмысқа орналасу сынды тағы да басқа мәселелері қаралды. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны Д.Сайфуллаева 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргенде құжаттарының толық болмауына байланысты тағайындаудан бас тартылған. Өтініш иесі демеушілер тарапынан азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілетін болады. Осы тектес түрлі жағдайлармен атаулы әлеуметтік көмек ала алмаған кентаулық  Г.Боранбаева мен М.Сейтімбетоваға қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына жүгініп өтініш білдіру ұсынылды. Сондай-ақ, партия филиалы тарапынан алда ұйымдастырылатын көмек түрлеріне енгізілетіні айтылды.

Жұмыссыздық мәселесіне байланысты да өтініштер қабылдау сәтінде шешімін тапты. Отырар ауданының тұрғындары М.Елеу мен А.Тулепбергенова аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында ақылы қоғамдық жұмыс орындарына ақпан айының 1-нен бастап жұмыстарын бастады. Түркістандық азаматтар М.Зейдин мен А.Абдуллаевтар да ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылатын болды.

Басқарма басшысы Ә.Темірбаева партия филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфир арқылы облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерін назарға алды.

Қабылдауда жалпы, 37 адам өз мәселелерін көтерді. Оның 24-і онлайн түрде болса, 13-і офлайн. Азаматтардың арыз-өтініштеріне ҚР заңнамаларына сәйкес, түсініктемелер беріліп, оңтайлы шешілуіне дейін партияның бақылауына алынды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА 1500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан қаласында “Денсаулық” саябағы бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі