infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Өңірлік инвесторлар индустриялық кластер құруды көздейді

5 июля, 2022
in Экономика
0
Өңірлік инвесторлар индустриялық кластер құруды көздейді
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облыстық инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік инвесторлар кеңесі өтті.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың төрағалығымен өткен кеңеске тиісті мемлекеттік ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, ірі инвесторлар – Стилловато Алекс («ARM Wind» ЖШС), Фурсаев Андрей («HEVEL Kazakhstan» ЖШС), Сарсекеев Сырымбек, («Түркістан ЯССЫ» ЖШС), Махамбет Кайсарбек («Sauran Bricks» ЖШС), Садков Николай («Ecoculture Eurasia» ЖШС), Шонбергер Алоис («EcoInvest» ЖШС), Бабакулов Нурлан («CAPABLE GROUP» ЖШС), Каскабаев Меирбек («RZN» ЖШС), Васитова Угилжан («Туркестан Агро XXI» ЖШС) қатысты.
Өңірлік инвесторлар кеңесінің негізгі мақсаты – индустриялық кластерлерді құру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту, сондай-ақ, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беру қалаға ғана емес, бүкіл өңірге инвестициялар тартуға айтарлықтай серпін берді. Облыс құрылған сәттен бастап өңір экономикасына 2,2 трлн. теңгеден астам қаржы бағытталды. Инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға бағытталды, сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай өсім байқалады. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстандағы ең үздік өңірлердің бірі. Облыста арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «TURAN» халықаралық арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестицияларды тарту біздің негізгі міндеттеріміз екенін атап өтіп, аймақтың дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін инвесторларға алғыс білдірді.
«2022 жылға жыл соңына дейін 74 млрд. теңге сомасына 13 жоба іске қосылады деп күтілуде. Осы жобаларды іске асыру 1000-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2025 жылға дейін жалпы сомасы 1 трлн. болатын 44 инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде.
10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны болмақ» деді инвестиция және экспорт басқарма басшысының орынбасары Қанат Шонбасов.
Сондай-ақ, кеңес отырысында жобалардың ағымдағы мәртебесі және проблемалық мәселелер ұсынылды. Облыстың басым салалары бойынша, ол – жасыл экономика, туризм, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жобалары, сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілігі бар жобалар.
okg.kz
Алдыңғы пост

Кәсіпкерлік шығындарды өтеуге мемлекеттік қолдау күшейеді

Келесі жаңалық

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі