infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Ө.ШӨКЕЕВ: «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ӘРІ АШЫҚ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС»

April 6, 2022
in Әлеумет
0
Ө.ШӨКЕЕВ: «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ӘРІ АШЫҚ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС»
0
SHARES
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы және оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау себептері мен жағдайларын жою жөніндегі ұсыныстар қаралды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының және Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Мәжілісте құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері баяндалды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне және облыстық басқарма басшыларына жемқорлықпен күресу – жұмыстарының негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін айтты. Осы орайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуын толық қамтамасыз етуді тапсырды.
«Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін нақты атап өтті.
Сондай-ақ, Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылға ерекше көңіл бөліп, билік өкілдеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Жалпы, жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс, сонда ғана біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізетініміз анық»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
Басқосуда сонымен бірге «Жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғаларды алдын алу» жұмыстарының барысы баяндалды. «Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ауыр, аса ауыр қылмыстардың профилактикасы туралы» айтылды. Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысы жайлы соңғы мәліметтер ортаға салынды. Облыс әкімі жауапты басшыларға жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғаларды алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 11 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 29 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі